«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
20 маусым күні 190 теміржолшыға Астананың сол жақ жағалауындағы «Саранда» тұрғын-үй кешенінде орналасқан пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыс ету шарасы өтті.
Қоныстой иелеріне пәтерлердің кілттерін табыс еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Президенті Асқар Мамин жаңа баспананың төртінші бөлігі жас мамандарға табыс етілгенін атап өтті. Теміржол саласында қызмет ететін жас отбасылардың тұрғын-үй сұрақтарын шешу және олардың мансаптық өсімінің перспективалары — бұл маңызды уәждеме.
Қоныстойдың құрметті меймандары қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің Кеңесшісі Тоқтар Әубәкіров пен танымал теміржолшы, Директорлар кеңесінің мүшесі Нығметжан Исенғарин болды. Олар барлық қоныстой иелеріне ұзақ өмір мен баянды бақыт тілесті.
Баспана кезегінде сегіз жыл бойы тұрған «Локомотив» АҚ-ның Техникалық дамыту басқармасының бас маманы Амангелді Түйменов үшін бұл күн өміріндегі ең жарқын да бақытты оқиғаға айналғаны сөзсіз:
— Бүгін менің отбасым меншікті баспанаға ие болып, барлықтарымыздың қуанышымызда шек жоқ деп айта аламын! Компания жастары мен барлық теміржолшылардың атынан еліміздің гүлденуіне мол үлес қосып келе жатқан Елбасымызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұндай пәтерге ие болу үлкен арманым еді, енді осы арманым орындалды. Өз қызметкерлеріне қамқорлықпен қарайтын компания басшылығына да рақмет айтқым келіп тұр!
«Саранданың» болашақ тұрғындары бұл күнгі
Бүгінгі күні аталмыш тұрғын-үй кешеніндегі пәтерлерге ие болған теміржолшылардың бұл осымен екінші кезегі болып отыр. Өткен жылғы төл мереке қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерінің 500 жанұясы қоныстой иелері атанған болатын.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...