Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді
1660 / 31.05.2018 16:31

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арналған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының мемориалдық мұражай кешеніне экскурсия ұйымдастырды.

Мемориалдық мұражай кешені Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылдың 31 мамырында астанаға жақын маңдағы Ақмол ауылындағы (Малиновка ауылы) бұрынғы Отанына опасыздық жасағандардың Ақмола әйелдер лагері («АЛЖИР») территориясында ашылды.

Қызметкерлер мұражайды, «Қасірет қақпасы» ескерткішін, «Күрес және үміт», «Сталиндік вагон», «Торығу мен дәрменсіздік» мүсіндік композицияларын, сондай-ақ «Естелік қабырғасын» аралады. Олар «АЛЖИР» лагерінің атақты тұтқындарының өмірбаянымен танысып, жеке заттары мен құжаттарын көрді. Сондай-ақ, оларға лагерде Отанына опасыздық жасағандардың әйелдерінің қиын өмірімен байланысты фильм көрсетілді.

- Бұл қайғы-қасірет орны және көп жылдардан кейін мұнда көз жасынсыз тұру мүмкін емес. Бұл жердегі әйелдердің кінәсі олардың тек «халық жауларының» жарлары болғаны үшін ғана өмірлері бұзылды», - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Сыртқы байланыстар және PR департаментінің 1-ші деңгейлі менеджері Меруерт Досмағанбетова.

Мұнда әр түрлі жылдары 18 мыңнан астам әйел қамауда болды. Тұтқында мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әйелі Азиза, әнші Лидия Русланова, мылқау киноның актрисасы Лидия Френкел, жазушы Галина Серебрякова және басқалар болды.

Поделиться:
Популярные новости
1917 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер