Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Құрақ құрау бір өнер...
1887 / 20.03.2014 10:38

Құрақ құрау бір өнер...

Қырық түрлі мата қиықтарынан көздің жауын алатын құрақ құраған кешегі әжеелеріміздің өнері қазіргі қазақ келіндерінің бойынан табыла ма? Маңғыстау локомотив пайдалану депосының аудармашысы Сандуғаш Мұсаеваның өнеріне қарағанда табылады екен...

Сандығаштың он саусағынан өнері тамған шеберлігін, құрақ құрап, көрпе тігуден алдына жан салмайтын ісмерлігіне жақында ол қатысқан «Керемет келін» теміржолшы-келіншектер байқауында куә болдық. Сайыста «Өнерлі келін» атанған ол – ата-анасының кішісі, ерке қызы болса да, түскен жерінің ибалыда ақылды, һәм өнерлі кенже келіні атанып отыр. Екі баланың анасы, сүттей ұйыған әулеттің беріктігін енесімен бірге ұстап отыр. Екі жылдан бері локомотив депосында мамандығы бойынша жұмыс істеп, темір жолдың терминдерін қазақша «сөйлетіп», бұйрықтар мен хаттамалардан бастап барлық іс- қағаздарды тиянақты жүргізіп келе жатқан аудармашы.

- Мектеп қабырғасында жүргенде еңбек сабағын ерекше жақсы көретінмін. Сол кезден бастап құрақ құрап, ою ойып, тігіншілікке бейім болдым. Көбіне ши құрақ құрағанды жақсы көремін. Өте келісті, әдемі көрінеді. Сосын анам да - шебер кісі. Енемнен де үйренерім көп. Көбіне бос уақыт бола бермейді, бірақ қолым қалт еткенде өз өнерімді дамытып, жетілдіріп отыруға тырысамын, - дейді кезекті құрақ көрпесінің тігісін жатқызып жатқан келіншек.

Сайыста мың бұралған биімен де өнер көрсеткен Сандуғаш ол бала кезден тіл әдебиетіне жақын болғандықтан, әдемі сөйлей білетін тіл байлығымен де сүйсінтті.

Райхан Рахметова, Маңғыстау

«Қазақстан темiржолшысы»

Поделиться:
Популярные новости
1781 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1520 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1383 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер