Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1360 / 06.10.2012 17:50

САН ӨСКЕН СОҢ САПА ДА ӨСЕДІ

Тура бір жыл бұрын Шұбарқұдық айналым депосы мен локомотив паркінің Ақтөбе локомотив пайдалану депосының құзырына берілуіне байланысты мұнда Мақат, Қызылорда және Оралдан локомотивтер жеткізілді. Штаттағы жұмысшылар саны да шамамен екі есеге артты.

Бүгінде Ақтөбе локомотив пайдалану депосының паркінде 17 маневрлік тепловоз бен 43,5 магистральдік тепловоз пайдаланылуда. Оның 10,5 бірлігі жолаушы қозғалысын қамтамасыз етеді. Сәйкесінше, депоның қызмет көрсету аясы да кеңейді. Атап айтқанда, депо машинистері Ақтөбе мен Илецк, Ақтөбе – Қандыағаш – Никелтау – Әйтеке би аралықтарына, Ақтөбе мен Жем, Ақтөбе – Қандыағаш – Шұбарқұдық – Сағыз – Мақат аралықтарына қызмет көрсетеді. Барлық жолаушы локомотивтерінің «КЛУБ-У» (кешендік локомотивтік қауіпсіздік құрылғысы) жүйесімен жабдықталғанын айта кеткен жөн.

Ақтөбе локомотив депосы – Қазақстандағы байырғы деполардың бірі. 2004 жылы депо өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтті. Еңбек ардагерлері мен қонақтар паровоз ескерткіштің ашылу салтанатының куәсі болды. Ал 2010 жылы депоның аумағында Ақтөбе локомотив пайдалану депосының ардагерлер кеңесінің бастамасымен машинист ескерткіші қойылды. Бұл барша теміржолшыларға, оның ішінде машинист мамандығына көрсетілген құрмет.

Бүгінде мекемеде Шұбарқұдық айналым депосын қоса есептегенде 897 адам жұмыс істейді. Олардың ішінде 400-ге тарта машинист, 344 машинист көмекшісі, 17 нұсқаушы жұмыс атқарады. Локомотив бригадалары жүк пойыздарын Илецк – Ақтөбе – Қандыағаш – Жем аралықтарына тасымалдайды. Аталған аралық шамамен 386 шақырымға созылып жатыр. Сондай-ақ 300 шақырымнан сәл асатын Ақтөбе – Қандыағаш – Әйтеке би станциялары арасына да жолаушылар пойыздары тасымалданады. Жүк пойыздары Қандыағаш – Шұбарқұдық – Сағыз және Илецк – Ақтөбе – Қандыағаш аралықтарына (543 шақырым) жеткізіледі. Бүгінде Ақтөбе локомотив пайдалану депосы бойынша тәулігіне орта есеппен 30 жолаушылар пойыздары, 50 жүк пойыз,18 маневрлі пойыздар тасымалданады. Тәулігіне шамамен 110 пойыз құрамы тасымалданады.

Ал кадрлық саясатқа тоқталар болсақ, мұнда басым бағыт адамдарды тиімді басқару жүйесінің әділдігі қағидасына негізделген. Адамдарды жұмыспен қамту, оқыту және жетілдіру, жастарды қолдау секілді жұмыстар алдыңғы орында. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру мақсатында машинистер даярлау курсында 95 адам, машинистердің сыныптық дәредесін арттыру мақсатында 14 адам білімдерін жетілдірді. Жылдамдық өлшегіш таспасының шифрын талдайтын 6 инженер біліктілігін арттырды. Мекемеде былтыр 512 адам жұмыс істеген болса, құрылымдық өзгерістен соң бүгінде олардың саны 900-ге жуықтап отыр. Әр машинист пен машинист көмекшілері сапарға шығарда, жол жүріп келген медициналық тексеруден өтеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәрігерлік бақылау тағы бар. «Ақ сұңқар» жабдығының көмегімен локомотив бригадалары қызметкерлері арасында психофизиологиялық зерттеу өткізіледі.

Машинистер мен машинист көмекшілерін алаңдататын мәселе – жол бойына шығып кететін адамдар. Жыл басталғалы мекеме бойынша 12 бақытсыз жайт тіркелген. Жеті адам көз жұмды. Қалғандары дене жарақаттарын алды. Айта-айта жақ талып, жаза-жаза жауыр болған бұл мәселе тек локомотившілерді ғана алаңдатпайды, барша теміржолшылардың «бас ауруына» айналғалы қашан? 2007-2012 жылдарды саралай келе депо басшылығы Ақтөбе – Илецк телімі мен Ақтөбе – Жіңішке аралығын қауіпті аймақ деп таныды. Өйткені, апатты оқиғалар жиі орын алатын телім осы аралық екен.

– Біз Ақтөбе пайдалану локомотив депосының қабырғасынан локомотив саласының талай майталмандары шыққанын мақтан тұтамыз. Әр жылдары депоға үлкен үлес қосқан басшылардың қатарында Г. Лебедев, В. Перемыщев, С. Жаманқұлов, Н. Князев, В. Сокол сынды азаматтардың есімін бүгінгі жас машинистер де жатқа біледі. Абыройлы депоның атына кір келтірмей еңбек ету – біздің міндетіміз, – дейді Ақтөбе локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Талғат Медеубаев.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер