Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қызметі бойынша үздігі
1096 / 20.07.2012 00:00

Қызметі бойынша үздігі

“Локомотив “ АҚ-да “Үздік машинист” атты кәсіптік шебер байқауы дәстүрлі түрде өтті

Бұл сайыс алдыңғы жылдағыдай екі этапта өтті. Алғашында іріктеу Қоғамның филиалдарында жүргізілді. Одан кейін 17-18 шілдеде Алматы локомотив пайдалану депосында ең үздік қызмет атағы үшін аумақтық деңгейде озықтылығын дәлелдеген 29 машинист күресті.

Бірінші тур байқауының соңғы этапы – тест тапсыру. Машинистер екі сағат ішінде теміржолды техникалық пайдалану ережелері бойынша, пойыздар жүрісі мен маневр жұмысының нұсқауы жөнінде, теміржол көлігі сигнализациясының, жылжымалы құрам тежегішін пайдалану, еңбек қорғанысы мен қауіпсіздік техникасының нұсқауларға  қатысты жүз сұраққа жауап беруі тиіс еді.

Бірінші турда жоғары балл жинаған қатысушылар: Казанцев С. (Алматы локомотив пайдалану депосы), Меженский В (Балхаш локомотив пайдалану депосы), Королев В (Жамбыл локомотив пайдалану депосы), Забошта Д. (Защита локомотив пайдалану депосы), Ермекбаев Н. (Қызылорда локомотив пайдалану депосы).

Бұл бестік сайыстың екінші турына өтіп, онда теміржол транспортының негізгі құжаттары бойынша білімдері тексерілді.

Бұл турда жоғары деңгей иегері Алматыдағы локомотив пайдалану депосының машинисті Казанцев С. Ол жалпы осындай байқаулар тарихында ерекше із қалдырған болатын. Мысалы 2010 жылда өткен байқауда үшінші орынға ие болды, 2011 жылы екінші орынға. Ал осы жылы ол “Машинист жылы-2012” атағына ие болды.

Үштікте екінші орын иегері Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинисті Ермекбаев Н. Үшінші орын иегері Жамбылдағы локомотив пайдалану депосының машинисті Королев В.

Сайыста ұтқандардың айтыуна сүйенсек, ұтылғандар жоқ.Әрбір қатысушы өзінің қызметтік міндеттемелерін атқару үшін және ұжымның деңгейін көтеру үшін осындай шараларға қатысу арқылы өзінің кәсіптік білімін жетілдіреді.

Сайыс комиссиясының мүшелері айтуынша жылдан жылға қатысушылардың жоғары деңгейлерін атап көрсетеді. Машинистер теориялық тапсырмаларды орындауда жоғары нәтиже көрсетуде.

Бұл сайыстың нәтижесінде жүлдегерлер диплом, сыйлықтар, ақшалы сыйлықтармен марапатталды. Басқада қатысушылар көңілден тыс қалған жоқ. Олар “Локомотив” АҚ президенті алғыс хаттармен , атақты сыйлықтармен марапатталды. 

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер