Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1303 / 25.05.2012 00:00

ҚТЖ мен CSR оңтүстік қытай өндірістік корпорациясы маневрлік тепловоз шығарады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен CSR «Оңтүстік Қытай вагон мен локомотивтердің өндірістік корпорациясы» маневрлік тепловоз өндірісі саласында стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы шекті келісімге қол қойды. 

Құжатқа Елбасының Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен CSR корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Сяоган қол қойды.Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Шу қаласындағы Шу тепловоз жөндеу зауытының негізінде маневрлік тепловоз шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды көзделген.

Жобаны үш негізгі кезең бойынша дамыту жоспарланған. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаттылығын 2015 жылы 50 локомотивке дейін жеткізу көзделген. Локализация 51 %-ды құрап, 110 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ бұл жоба аймақтың бір-бірімен тығыз байланысты кәсіпорындарына қосымша жұмыс пен тапсырысты көбейте түседі.

Аталмыш жобаны мүмкіндігінше тез жүзеге асыру үшін екі тарап жұмыс тобын құруға келісті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жуық арада жобаның негіздемесін дайындап, оны бекіту сынды жоба алдындағы дайындықты мойнына алады. Ал CSR корпорациясы уақытында техникалық қолдау көрсетіп, жобаны басқаруға міндеттеледі.

CSR корпорациясы - Қытайдың теміржол техникасын шығаратын ең ірі компаниясы. 2011 жылдың қорытындысы бойынша корпорацияның жалпы табысы 15 млрд. АҚШ долларын құрады. Компания 30 000 жүк вагонын, 3 000 жолаушы вагонын және 120 жүрдек жолаушы пойызын шығарған.

Поделиться:
Популярные новости
1758 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1503 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1363 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер