Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Құрметті теміржолшы Павел Синица өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті
1161 / 25.05.2018 16:26

Құрметті теміржолшы Павел Синица өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті

ЖТ Ақтөбе бөлімшесінің өкілдері құрметті теміржолшы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Кеңес беру кеңесінің мүшесі Павел Синицаны мерейтойымен құттықтады.

Мерейтой иесін мерекесімен құттықтай отырып, ЖТ Ақтөбе бөлімшесінің директоры Бурихан Беркимбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың қолы қойылған құттықтау папкасын табыс етті. Компания басшысы мерейтой иесінің Қазақстанның теміржол саласын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

- Сіздің дарынды басшы, білікті маман ретіндегі еңбегіңіз, кейде шешілуі қиын міндеттерді шешуге деген ерекше көзқарасыңыз теміржол үшін баға жетпес болды. Өзіңіз атқарған барлық лауазымдарыңызда Сіз өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді, тамаша интеллектіңізді толығымен жүзеге асырдыңыз, - дей отырып, Б.Беркімбаев салтанат иесіне мықты денсаулық пен амандық тіледі.

Павел Павлович - сөз бен істің адамы. Ол оптимизм мен еңбекке қабілеттілігімен ерекшеленеді. Павел Павлович өзінің бай кәсіби және өмірлік тәжірибесін теміржолшылардың қазіргі ұрпағымен шын көңілмен бөлісуде.

Павел Павлович 1928 жылы 22 мамырда Одесса облысының Коминтерновский ауданы Визирка ауылында шаруа отбасында дүниеге келді.

Оператор-ақпаратшы, жол бұрушы, Ізімбет станциясының кезекшісі, Жұрын станциясы, Құдық станциясының бастығы, пойыз диспетчері, Қазақ теміржолы Ақтөбе бөлімшесінің қозғалыс бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет етті.

1964 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітірді. Ол Қазақ темір жолы Ақтөбе бөлімшесінің жүк бөлімінің бастығы, қозғалыс бөлімінің бастығы - бастығының орынбасары, Батыс-Қазақстан темір жолының Қазақ темір жолы Гурьев бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істеді. Батыс Қазақстан темір жолының Ақтөбе бөлімшесін басқарды. 1985 жылдың қаңтарынан 1991 жылдың қаңтары аралығында ол Батыс Қазақстан темір жолының Ақтөбе бөлімшесінің қозғалыс қызметінің бастығы – бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

1991 жылы лайықты демалысқа шықты.

Сіңірген еңбегі үшін «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, Құрметті Темір жол қызметкері» белгісімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

Поделиться:
Популярные новости
1778 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1518 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1382 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер