«ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС 2020 жылдың 28 тамызынан бастап «ҚТЖ - Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «ҚТЖ - Жүк тасымалы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, 28.08.2020 ж.)
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы 2016 жылдың маусым айында Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында мақсатты ұйымдық құрылымға кезең-кезеңімен көшу жобасын іске асыру нәтижесінде құрылды. Бұл жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірқатар еншілес ұйымдарын оңтайландыруға мүмкіндік берді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС құрылымында Қазақстанның теміржол желісі бойынша клиенттерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және жүк тасымалдау қызметтерінің толық спектрін ұсынатын жол бөлімдері мен локомотив деполарынан құралған филиалдық желі бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 29 қыркүйегі қаулысымен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ұлттық жүк тасымалдаушы мәртебесіне ие болды. «Темір жол көлігі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық тасымалдаушының алдында келесі міндеттер тұр: әскери және арнайы тасымалдауларды, пойыздарды қалыптастыру жоспарын орындау. Мұндай мәртебеге ие болу – мемлекет тарапынан жоғары сенімнің дәлелі.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС 2016 жылдың маусым айында Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында мақсатты ұйымдық құрылымға кезең-кезеңімен көшу жобасын іске асыру нәтижесінде құрылды.
Бұл жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірқатар еншілес ұйымдарын оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Біздің бейнебаянды қараңыз
Жүк тасымалының негізгі көрсеткіштері наурыз 2021 ж.
201,9
млрд.т-км нетто
190,7
млн. тонна
8,5
млн. тонна
77,6
млн. тонна
Жаңалықтар

Орал теміржолшылары қауіпсіздік техникасы бойынша конкурс өткізді
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» филиалдарында нөлдік жарақаттану қағидатын мүлтіксіз ұстанады...

ҚТЖ желісінде жүк тасымалдау көлемі 4,5% - ға ұлғайды
«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көлемнің 54,6 миллион тоннасы ел ішінде тасымалданған, экспортқа 30,4 миллио...

Қарағанды ЖТ бөлімшесінде еңбекті қорғау мәселесі талқыланды
Қарағанды ЖТ бөлімшесінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілді. Халықаралық еңбек ұйымы 2025 жылдың тақырыбын «Еңбек қауіпсіздігі мен ...