Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ко�...

Петров Владимир Викторович
Байқау кеңесінің төрағасы
1991 жылғы шілдеден 2014 жылғы сәуірге дейін – әртүрлі лауазымдарды атқарды, құрастырушының көмекшісінен бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе жол бөлімшесі» филиалының бірінші орынбасарына дейін;
2014 жылғы сәуірден 2016 жылғы шілдеге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдау үдерісінің дирекциясы» филиалының директоры;
2017 жылғы шілдеден 2018 жылғы шілдеге дейін «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ-да Бас инженер, Интеграцияланған жоспарлау және ақпараттандыру жөніндегі Вице-президент, Интеграцияланған жоспарлау жөніндегі Атқарушы директор, Операциялық жұмыс жөніндегі Атқарушы директор лауазымдарын атқарды;
2018 жылғы шілдеден 2019 жылғы ақпанға дейін «KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Operator» филиалының директоры, Маркетинг департаментінің бас менеджері;
2019 жылғы ақпаннан 2020 жылғы қарашаға дейін «Қазтеміртранс» АҚ-ның бас менеджері;
2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы маусымға дейін «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС-нің маркетинг және жоспарлау жөніндегі Бас директордың орынбасары;
2022 жылғы 10 маусымнан 2025 жылғы 15 қазанға дейін «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС-нің Бас директоры (Басқарма төрағасы);.

Потлов Дмитрий Владимирович
Байқау кеңесінің мүшесі
2000 жылғы 13 маусым – 2000 жылғы 27 шілде – Өндірістік-техникалық орталықтың еңбек қауіпсіздігі жөніндегі аға инспекторы, Ақмола тасымалдау бөлімшесі;
2000 жылғы 27 шілде – 2002 жылғы 12 ақпан – Өндірістік-техникалық орталықтың аға инспекторы, «ҚТЖ» РМК Техникалық саясат басқармасының отын-жылутехникалық инспекциясының аға инспекторы;
2002 жылғы 12 ақпан – 2002 жылғы 18 қараша – Техникалық басқарманың техникалық нормалауды әзірлеу және қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері, бас маманы, «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ Магистральдық теміржол желісі департаменті;
2002 жылғы 18 қараша – 2007 жылғы 15 мамыр – Техникалық бөлімнің бастығы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» Электрмен жабдықтау департаментінің Энергетика және электрмен жабдықтау басқармасының бастығы;
2007 жылғы 15 мамыр – 2013 жылғы 10 желтоқсан – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» Техникалық басқармасының бастығының орынбасары, бастығы, техникалық мәселелер жөніндегі атқарушы директор;
2013 жылғы 11 желтоқсан – 2018 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы, төраға орынбасары;
2018 жылғы 23 қазан – 2024 жылғы 12 қаңтар – «Dosjan temir joly» АҚ Бас инженері, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасы, Басқарма төрағасының кеңесшісі;
2024 жылғы 24 маусым – қазіргі уақытқа дейін – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры.
Нурпеисова Айгуль Курмантаевна
Байқау кеңесінің мүшесі
2025 жылғы қазан – қазіргі уақытқа дейін – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Тасымалдау үдерісінің дирекциясы» экономика және қаржы жөніндегі директордың орынбасары;
2022 жылғы қазан – 2025 жылғы қазан – «KTZ Express» АҚ қаржы жөніндегі Бас директордың орынбасары;
2022 жылғы мамыр – 2022 жылғы қазан – «Silkway Transit» ЖШС бизнес дамыту жөніндегі директор;
2020 жылғы қараша – 2022 жылғы сәуір – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры;
2020 жылғы 2 қараша – 2020 жылғы 13 қараша – «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі Бас директордың орынбасары;
2015 жылғы қазан – 2020 жылғы 30 қазан – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры, Бас менеджері;
2015 жылғы ақпан – 2015 жылғы қыркүйек – «ТПЭП» ЖШС стратегиялық даму департаментінің директоры;
1999 жылғы ақпан – 2015 жылғы ақпан – «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарында экономика және қаржы саласында басшылық лауазымдарды атқарды (Бас директордың орынбасары, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС қаржы директоры, «Қамқор Вагон» ЖШС қаржы жөніндегі Бас директордың орынбасары, «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ экономика жөніндегі Атқарушы директоры және т.б.).

Рахметова Алия Мендигалиевна
Байқау кеңесінің мүшесі
2023 жылғы ақпан – қазіргі уақытқа дейін – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары;
2022 жылғы мамыр – 2023 жылғы ақпан – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің халықаралық жобалар жөніндегі топ жетекшісі;
2021 жылғы тамыз – 2022 жылғы мамыр – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің адам құқықтары саласындағы өзара іс-қимыл басқармасының жетекшісі;
2018 жылғы ақпан – 2021 жылғы тамыз – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекет мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы;
2012 жылғы қыркүйек – 2018 жылғы ақпан – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы.

Жарылғасов Шахназ Сайлаубекұлы
Байқау кеңесінің мүшесі
2021 жылғы қазан – қазіргі уақытқа дейін – Корпоративтік хатшы аппаратының бас менеджері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия және қаржы комитетінің хатшысы;
2021 жылғы шілде – 2021 жылғы қазан – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ аға заң кеңесшісі;
2021 жылғы ақпан – 2021 жылғы шілде – BI Group, «BI support» ЖШС бас заң кеңесшісі;
2019 жылғы тамыз – 2020 жылғы қаңтар – «Adelya Gold» ЖШС бас заңгері;
2017 жылғы қараша – 2019 жылғы тамыз – «Pricewaterhouse Coopers Tax and Advisory» ЖШС Салық және құқықтық қызметтер бөлімінің кеңесшісі.