Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты
263 / 19.03.2024 16:26

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік отын үнемдеуге қол жеткізді.

Күнделікті бақылау мен өңір басшыларын онкүндік тыңдаулар арқылы оң нәтижелерге қол жеткізілді. Сондай-ақ Жаңаарқа, Атырау, Мақат, Балқаш, Матай, Ақтоғай, Жем, Есіл, Аягөз, Түркістан деполарының қызмет көрсету участкелерінің техникалық мөлшерлері қайта қарастырылды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не дизельдік отынға кететін шығынды азайтуға заманауи өнімділігі жоғары локомотивтерді пайдалану мүмкіндік береді.

Соңғы екі жылда 130 KZ8A сериялы  электровоз және TE33Ac тепловоздары сатып алынды. Сонымен қатар, 2ТЭ25Км сериялы жаңа магистральдық екі секциялы тепловоздар жеткізілді.

ҚТЖ локомотив паркін жаңарту жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.

Поделиться:
Популярные новости
18 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

211 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

110 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер