Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
447 / 05.11.2023 00:00

10 айда 210 млн тоннадан астам жүк теміржолмен тасымалданды

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісіне ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында тиеу өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,1 млн тоннаға өсіп, 213,8 млн тоннаны құрады.

               Республика бойынша теміржол көлігімен 138 млн тоннадан астамы тасымалданды. Экспорт 7,1%-ке, 75,7 млн тоннаға дейін өсті.

       Есепті кезеңде 87,3 млн тоннадан астам тас көмір тиелді. Оның ішінде республика ішінде – 61,2 млн тонна.

     Астық 9,5 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдан 1,2% жоғары, оның ішінде экспортқа – 7,7 млн тоннасы жөнелтілді. Ұнтақ өнімдерінің 2,5 млн тоннасы тиелсе (+6,4%), оның ішінде экспортқа – 1,9 млн тонна (+9,5%).

10 айда химиялық тыңайтқыштарды тиеу 5% (3,4 млн тоннаға дейін), темір рудасын 5,6% (17,3 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін 6% (14,4 млн тоннаға дейін) жақсарды. Республика бойынша құрылыс жүктерін тиеу 10 есеге артты.

      Қазан айында тиеу 23 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% көп. Тас көмірдің  тиелген көлемі 9,7 млн тонна (+5%). Оның ішінде республикалық қатынаста – 6,8 млн тонна, өсім 4%. құрады. Экспортқа 2,8 млн тонна қатты отын жөнелтілді (+8%). Биылғы  астықты тиеу 900 мың тоннадан асты. Оның ішінде экспортқа – 670 мың тоннадан астамы. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 8% артып, 338 мың тоннаға дейін жетті. Оның ішінде республика бойынша 70%, 112 мың тоннаға дейін өсті.

         Өткен айда темір жол арқылы жөнелту өсімі қара металдарды 4% (385 мың тоннаға дейін), темір кенін 30% (2 млн тоннаға дейін), түсті кенді 9% (2 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін 25% (1,7 млн тоннаға дейін) деңгейінде сақталды.

       Ағымдағы жылдың 10 айында пайдалану жүк айналымы 7,2% өсіп, 224,2 млрд т-км неттоны құрады.

Поделиться:
Популярные новости
6 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

204 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

68 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер