Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
218 / 17.10.2023 00:00

Достық станциясында жүк пойыздарын берудің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізілді

Достық Алашаңқай шекаралық теміржол өткелі арқылы ҚХР-ға экспорттық жүк ағынының өсімі сақталуда.

Биылғы жыл қорытындысында түйісу бойынша жалпы тасымалдау көлемі 14,4 млн тонна, оның 10 млн тоннасы экспортқа жоспарланған және келісілген. Айта кету керек, экспортқа тасымалдау жоспарын келісу кезінде ҚТЖ желінің инфрақұрылымдық шектеулерін ескере отырып, өзіне жоғары міндеттемелер алды.

Ағымдағы жылдың 9 айында тасымалдау көлемі 11,9 млн тоннаны құрады, бұл ТЖЫҰ жоспарына қарағанда 10% және өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне 17,5% жоғары.

 Ағымдағы жылдың 16 қазанында Достық Алашаңқай өткелі арқылы жүк пойыздарының рекордтық саны - 17 құрам (720 астам вагон) берілді. Бұл нәтижеге станцияның тиімді жұмысы арқылы қол жеткізілді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшысы Владимир Петров жедел штабта жұмыстың оң нәтижелерін атап өтіп, Достық станциясы мен Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымдарына алғысын білдірді.

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі         

Поделиться:
Популярные новости
4 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

204 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

67 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер