Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын алды
1240 / 14.12.2021 00:00

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын алды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын алды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Қауіпсіздікті басқару жүйесі Қазақстанның теміржол көлігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің елордалық көліктік бақылау инспекциясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на қауіпсіздік сертификатын берді. Бұл құжат тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігі қамтамасыз етілетіндігін куәландырады.

«Сертификат теміржолда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы процестер жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын растайды. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу тәуекелдерін бағалау және қауіптерді анықтау алгоритмі әзірленді. Қауіпсіздікті бұзу себептерін есепке алу және талдау жүргізіледі. Талдау деректері негізінде алдағы уақытта келеңсіз жағдайларға жол бермеу үшін алдын алу шаралары әзірленуде», - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Қанат Мұсабеков.

Құжаттың қолданылу мерзімі 2024 жылдың соңына дейін. Егер үш жыл ішінде қозғалыс қауіпсіздігін өрескел бұзуға немесе қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нысаналы көрсеткіштерді орындамауға жол берілсе, сертификат жойылады.
  
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Podolyak_L@railways.kz
8(701) 42 338 42
Поделиться:
Популярные новости
44 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

52 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

109 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер