Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1779 / 15.11.2016 00:00

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» - Кәсіптік одақ филиалының төрағасы сайланды

Үстіміздегі жылдың 15 қарашасы күні Астана қаласында «ҚТЖ — Жүк тасымалы» — «Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі еңбеккерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі филиалының кәсіптік одақ конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысына Кәсіптік одақ төрағасы Оразғали Ахметбеков, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ Даму және корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі Вице-президенттің м.а. Әділжан Исмұхамбетов қатысты.

Конференцияға «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ бөлімшелері жанындағы еңбек ұжымдарының бастапқы кәсіптік ұйымдарынан жалпы 86 делегат қатысқан.

2015–2016 жылдарға «Локомотив» — «Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі еңбеккерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі филиалының Кеңесі жұмысы жайлы баяндамамен осы филиал төрағасы Қанат Баетов сөз алды. Оның атап өтуінше, «есептік мерзімде Кәсіптік одақ кеңесі мен комитеттері әлеуметтік кепілдер мен жеңілдіктерді, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін қолдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға ұмтылды». Бұнымен қатар, Қанат Баетов жиналғандарға өздігінен бас тартқаны жайлы мәлімдеді. «ҚТЖ — Жүк тасымалы» — Кәсіптік одақ филиалының төрағасы қызметіне бірауыздан «ҚТЖ — ЖТ» АҚ — «ТС — Ақмола бөлімшесі» филиалының директоры Ермек Төлегенов сайланды. Бұған қоса, Кеңес және филиалдың ревизиялық комиссиясының құрамдары да сайланды.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
196 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

58 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

104 / 22.04.2024

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді

Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тоғыз аймағындағы табиғи апаттан зардап шеккен халыққа 50 вагон гуманитарлық көмек ж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер