Вагондарды қараушы-жөндеушілердің үздіктері Қарағанды-Сұрыптау станциясында анықталды
Rail-news.kz хабарлауынша, Қарағанды-Сұрыптау станциясында вагондарды қараушы-...
Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүре алатын KZ4AT электровозы Киік-Мойынты жол телімінде сынақтан өткізілді. Жаңа үлгідегі бір секциялы көп міндетті атқара алатын локомотив қазақстан темір жолында рекордтық жылдамдықпен жүріп өтті. Alstom компаниясының локомотиві әлемнің түкпір -түкпірінде қолданыста жүр. Жаңа техника «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ техникалық және ГОСТ стандарты мен сертификаты талаптарына сәйкес келеді. Электровоздың сыртқы кескіні сұлу ғана емес, ішкі дизайны да өте жайлы әрі көрнекті. Машинист пен көмекшісінің кабинасында барлық жағдайлар жасалған. Жылуды бақылау қондырғысы, орындықты жылыту жүйесі, еденді жылыту, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, дәретханасы да бар.
Сынаққа қатысқан локомотив бригадасы жаңа электровоздың мүмкіндігін жоғары бағалады. «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ-ның «Қарағанды локомотив пайдалану депосы» филиалының машинист- нұсқаушысы Нұрлан Сейітов, 1-сыныпты машинисі Сергей Сотников және машинист көмекшісі Илья Урюмцев KZ4AT электровозын локомотив атаулының флагманы деп таныды.
«Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүрген кезде қысымның аздаған жоғарылауы байқалады. Бұл әлі үйренбегендіктен секілді. Себебі, қазіргі жолаушылар пойыздарының ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 140 шақырымнан аспайды. Мұндай жылдамдықпен «Тұлпар-Тальго» пойызы Астана мен Алматы арасында жолаушыларды тасымалдайды. Ал, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен қазақстандық машинистер әлі жүріп көрген жоқ. Бұл мәселеде біз алғашқылармыз!»,-дейді кеудесін мақтаныш кернеген машинист пен оның көмекшісі.
Қазақстанда мұндай үлгідегі локомотивтерді күзде Астанадағы «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорнында құрастырыла бастайды.
Rail-news.kz хабарлауынша, Қарағанды-Сұрыптау станциясында вагондарды қараушы-жөндеушілер арасында «Жас үздік маман-2025» кәсіби шеб...
БСН 031 040 001 799 49200 (ЭҚЖС бойынша қызмет түрі) № Инвестициялық бағдарлама (жоба)көрсеткіштерінің атауы Кім бекіткен...
15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...