Пресс-релиз
**Астана қаласы**
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде «Астана» теміржол торабы қызметкерлері арасында футзалдан іріктеу турнирі өтті.
Турнир салалық қызметкерлердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер арасында бұқаралық дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, сондай-ақ үздік ойыншылар мен командаларды анықтап, оларды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ чемпионатына қатыстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа Астана қаласында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері, филиалдары және еншілес ұйымдарының командалары қатысты.
Турнир футзалдың қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізілді.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС командасының құрамында:
* Нугер У. М. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС бас менеджері;
* Сейлханов Е. В. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС менеджері;
* Коспанов Д. С. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС менеджері;
* Оразаев Д. М. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС филиалының локомотив машинисі;
* Сайранов А. Д. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС филиалының қызметкері;
* Әбдірашитов Н. Б. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС филиалының қызметкері;
* Сурапбай А. Б. — «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының менеджері;
* Фахрутдинов М. Р. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС филиалының ТО-2 слесарі;
* Мусилимов Т. Е. — «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС филиалының бас менеджері;
* Андиржанов А. А. — «Қазтеміртранс» АҚ бас маманы.
Жарыс қорытындысы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС командасы І орынды иеленіп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның республикалық чемпионатына жолдама алды.
Жеңімпаздарды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Командаға республикалық чемпионатта сәтті өнер көрсетіп, «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасына жолдама алуына тілектеспіз!