ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-лог...
Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңіне кешенді даярлау жұмыстары жүргізілді.
Көктемгі комиссиялық тексеріс (ККТ) аясында локомотивтердің 91 %-ы, яғни тепловоздар мен электровоздарды қоса алғанда 1546 бірлік техникалық байқаудан өтті.
Қалған машиналар жоспарлы жөндеу барысында болып, жазғы жұмыс режіміне ауыстырылды.
Тексеру кезінде тартқыш жылжымалы құрамның техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық және мәдени жай-күйіне ерекше назар аударылды. Комиссия локомотивтердің теміржол көлігін техникалық пайдалану ережелеріне сәйкестігін бағалады.
ККТ қорытындысы бойынша компаниядағы орташа баға 4,4 баллды құрады.
Сондай-ақ тексеріс нәтижесінде елдің ең үздік локомотив деполары анықталды. Жеңімпаздар локомотивтердің техникалық жағдайының сапасы, сыртқы келбеті, өндірістік мәдениеті және санитарлық талаптарды сақтау деңгейі бойынша анықталды.
1-топтағы локомотив деполары (тепловоздар) арасында бірінші орын Курорт-Боровой пайдалану локомотив депосына, екінші орын Матай депосына, үшінші орын Алматы депосына берілді.
2-топтағы локомотив деполары (электровоздар) арасында бірінші орынды Шу пайдалану локомотив депосы, екінші орынды Арыс депосы, үшінші орынды Қарағанды депосы иеленді.
Атқарылған жұмыс локомотив паркін жазғы кезеңде пайдалануға жоғары дайын екенін растайды және жүк тасымалының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша компанияның жүйелі көзқарасын көрсетеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау ая...
2025 жылғы маусым айында «Шубаркөл Көмір» АҚ көмірін экспортқа темір жол арқылы тасымалдау көлемі жаңа рекорд орнатып, 841 мың тоннаны...
Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Отар станциясындағы локомотив бригадаларының жол бөлімшесі (ДОЛБ) ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқ...