ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-лог...
2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстан темір жолы» желісі арқылы 71,7 млн тонна көмір тасымалданды. Оның 64,7 млн тоннасы жылу электр станцияларына, ал 7 млн тоннадан астамы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жіберілді. Жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде орындалды.
Бұл туралы «ҚТЖ» филиалы — «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» директорының орынбасары Ғани Есенбаев Қазақстан көмір өнеркәсібінің VI форумында мәлімдеді.
Қатты отынды үздіксіз жеткізу Компания үшін басты басымдық болып қала береді, өйткені бұл ЖЭС-тердің тұрақты жұмысына, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қызметіне және халықты жылумен қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді.
2025 жылдың мамырынан бастап 2025–2026 жж. күз-қыс кезеңіне белсенді дайындық басталды. Көмір тасымалдауға жауапты ҚТЖ-ның Оперативтік штабы құрамында 60-тан астам маман бар; штаб тәулік бойы жүктеу барысын қадағалап, бос вагондарды беруді реттейді және көмір өндіруші кәсіпорындармен логистиканы үйлестіреді.
Маршруттық және тораптық жөнелтімдерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады: бұл вагон айналымын жеделдетіп, жеткізу мерзімдерін қысқартуға және өткізу қабілеті шектеулі учаскелердегі жұмысты оңтайландыруға мүмкіндік береді.
ҚТЖ-ның паркіне шамамен 28 мың вагон тартылған, оның 20 мыңнан астам жартылай вагоны күз-қыс маусымында белсенді айналымға қосылады. Осы парк жоспарланған көмір тасымалы көлемін толық қамтуға жеткілікті.
Жаппай тиеу-түсіру учаскелерінде теміржол инфрақұрылымы жоспарлы жөндеуден өтуде.
ҚТЖ жүк жөнелтушілерді, жүк алушыларды және жергілікті атқарушы органдарды жүктемені жыл бойы біркелкі бөлуге шақырады әрі күз-қыс айларындағы пиковық жүктеменің алдын алуды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау ая...
2025 жылғы маусым айында «Шубаркөл Көмір» АҚ көмірін экспортқа темір жол арқылы тасымалдау көлемі жаңа рекорд орнатып, 841 мың тоннаны...
Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Отар станциясындағы локомотив бригадаларының жол бөлімшесі (ДОЛБ) ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқ...