ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-лог...
2025 жылдың алғашқы бес айында ҚХР мен Қазақстан арасындағы теміржол жүк айналымы 14,2 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 %-ға артты. Қазақстаннан Қытайға экспорт 12 %-ға өсіп, 9 млн тоннаны құрады.
Алтынкөл станциясы арқылы 6,5 млн тонна (өсім 22 %), ал Достық станциясы арқылы 7,7 млн тонна (өсім 3 %) тиеп жөнелтілді. Мұндай оң динамика екі елдің теміржол әкімшіліктерінің тиімді ынтымақтастығы мен Қытай бағытына транзиттік және экспорттық тасымалдарға тұрақты сұранысқа байланысты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қытаймен шекарадағы өткелдердің инфрақұрылымын дамытып, өткізу қабілетін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл болашақта тасымал көлемін одан әрі көбейтуге жол ашады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау ая...
2025 жылғы маусым айында «Шубаркөл Көмір» АҚ көмірін экспортқа темір жол арқылы тасымалдау көлемі жаңа рекорд орнатып, 841 мың тоннаны...
Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Отар станциясындағы локомотив бригадаларының жол бөлімшесі (ДОЛБ) ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқ...