Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ – Жүк тасымалы»  ЖШС – «Илецк» филиалында еңбекті қауіпсіздігі бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында «Өз ісінің шебері» атты байқау өткізілді
129 / 16.05.2025 12:07

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Илецк» филиалында еңбекті қауіпсіздігі бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында «Өз ісінің шебері» атты байқау өткізілді

Байқауға Илецк станциясының, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің (ТҚҰ) және Илецк локомотив депосының (ТЧЭ-27) қызметкерлері қатысты. Байқауды  ұйымдастырушылар -  еңбек қауіпсіздігі инженерлері Виолетта Колышкина, Жанель Тукиева және өндірістік оқыту шеберлері Светлана Герасименко, Александр Никонов пен Наурызғали Абуғалиев.

Іс-шара барысында қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі бойынша бейнероликтер көрсетіліп, медицина қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық жүргізді. Байқау тапсырмаларында тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды көрсетуге бағытталған ойын жағдайлары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіне қатысты ребустар мен викториналар қолданылды. Жасанды тыныс алдыру және жүрекке жанама массаж жасау дағдыларын көрсету үшін манекен пайдаланылды.

Қатысушылардың басым бөлігі жақсы теориялық білімдерін көрсетті, блиц-сауалнамаларға белсенді қатысып, практикалық көрсетілімдер кезінде әріптестерін қолдап, үлкен қызығушылықпен және шығармашылықпен тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде әрбір бөлімше өз жеңімпаздарын анықтады. Атап айтқанда, Илецк станциясы бойынша бірінші орынды Разъезд 25 бекетінің кезекшісі Игорь Веденкин иеленді, екінші орынды ППВ агенті Альфия Сатанова, үшінші орынды СТЦ операторы Татьяна Полищук алды.

Илецк вагондарына техникалық қызмет көрсету пункті бойынша ПТО операторы Асель Кушенова жеңімпаз атанды, екінші орынды ПТО операторы Зарина Алдрапекова, үшінші орынды ПТО операторы Галина Порублева иеленді. Сонымен қатар, ең белсенді әрі білімді вагон қараушы-жөндеушілер Сагынғали Жамбаулов, Жақсығали Фазылов және Равиль Хасанов арнайы атап өтілді.

Илецк локомотив депосы бойынша өз ісінің шебері деп танылған және бірінші орынды иеленген – жылдамдық өлшегіш ленталарды шифрлау инженері Гүлжан Әбдешова. Екінші орынды ТЧЭ-27 аға кезекшісі Еркобин Жұмағазиев, үшінші орынды слесарь-жөндеуші Федор Плюхин иеленді. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, осы күні филиал мамандары жұмыс барысында жарақат алған қызметкерлерге барып, кәсіподақ комитеті жинақтаған азық-түлік себеттерін табыстады.

Поделиться:
Популярные новости
1 / 16.07.2025

Қытай арқылы теміржолмен Вьетнамға қазақстандық бидай жөнелтілді

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...

11 / 15.07.2025

Вагон шаруашылығы қызметкерлері күні Илецк станциясында аталып өтті

Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, о...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер