Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
204 / 31.03.2025 15:32

Осы жылдың екі айында теміржол жүктерін тасымалдау өсті

2025 жылдың екі айында ҚТЖ желісі бойынша 42,4 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 6,6% артық. Республика ішінде тиеу көлемі қаңтар-ақпан айларында 2% ұлғайып, 26,8 млн тоннаны құрады. Экспортқа теміржол көлігімен 15,6 млн тоннадан астам жүк жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% көп. 

Негізгі жүк ағындарының ішінде тас көмір тасымалының 4,7%, яғни  18,2 млн тоннаға дейін өсуі байқалды, оның 13 млн тоннасы ішкі нарыққа бағытталды. Астық тасымалы 42,5%, яғни 2,4 млн тоннадан астамға ұлғайды. Астық экспорты 44,5% өсіп, 1,9 млн тоннаға жетті. 

2025 жылдың екі айының қорытындысы бойынша мұнай жүктерін тиеу – 3%, 3,2 млн тоннаға дейін, қара металдарды тиеу – 14,3%, 700 мың тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштарды тиеу-16,5%, 816 мың тоннаға дейін, темір кені мен марганец тиеу  –  4%, 3,2 млн тоннаға дейін және құрылыс жүктерін тиеу – 7,9%, 1,6 млн тоннаға дейін артып отыр. 

ҚТЖ ішкі нарық үшін де, экспорттық жеткізілімдер үшін де сенімді логистиканы қамтамасыз ете отырып, жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Поделиться:
Популярные новости
67 / 23.06.2025

ҚТЖ-да локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісі аяқталды

Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңіне кешенді даярлау жұмыстары жүргізілді. Көктемгі комиссиялық те...

181 / 18.06.2025

Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымал көлемі өсе түсуде

2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...

57 / 17.06.2025

Құрметті әріптестер!

Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер