ҚТЖ-да локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісі аяқталды
Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңі...
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС теміржол саласының Әйелдер кеңесінің екінші отырысы өтті. Іс-шара теміржол көлігінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен ашылды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Викторович Петров сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, марапаттарын табыстады:
• Красноштанова Людмила Павловна – Астана пайдалану локомотив депосының зейнеткері, 43 жылдық еңбек өтілі бар;
• Қуанышбаева Шарбуби – 27 жылдық еңбек өтілі бар сала ардагері;
• Абдулина Күләш Қабдрашқызы – 39 жылдық еңбек өтілі бар «Құрметті теміржолшы».
Сонымен қатар, кәсіби қызметін жалғастырып жүрген әйелдер де марапатталды:
• Дедкова Ольга Петровна – вагондарды қараушы-жөндеуші (Петропавл станциясы);
• Жұмаділова Айман Сембекқызы – вагон қараушы (Астана станциясы);
• Селина Лариса Александровна – вагондарды қараушы-жөндеуші (Қапшағай станциясы);
• Нұрмахина Алмагүл Жасталапқызы – локомотивтерді қарапу және жөндеу слесарі (Павлодар бөлімшесі);
• Трухина Татьяна Николаевна – вагондарды қараушы-жөндеуші (Екібастұз станциясы).
Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар жұмыс орнындағы харассменттің алдын алу мәселесін талқылап, «Теміржол саласында әйел болып қалу» тақырыбындағы тренингке қатысты және Әйелдер кеңесі комитеттерінің жұмыс жоспарларымен танысты. Кездесу интеллектуалды ойынмен аяқталды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өз қызметкерлерімен мақтанады және олардың кәсібилігі, еңбекқорлығы мен адалдығы үшін алғыс білдіреді!
Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңіне кешенді даярлау жұмыстары жүргізілді. Көктемгі комиссиялық те...
2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...
Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...