ҚТЖ-да локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісі аяқталды
Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңі...
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында 2025 жылғы 19 ақпанда Павлодар филиалы «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің шақыруымен келісу комиссияларының мүшелері, станция бастықтары, бөлім бастықтары, кадр қызметінің қызметкерлері, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі» және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің» өкілдері үшін еңбек заңнамасының нормалары түсіндіріліп, еңбек дауларын шешу бойынша сот және медиация тәжірибесімен таныстыру өткізілді.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова:
«Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі келісу комиссиясының мүшелерін құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жыл сайын оқыту жұмыстарын жүргізеді. Еңбек ұжымындағы тұрақтылықтың негізгі көрсеткіші – еңбек дауларының болмауы және олардың келіссөздер арқылы шешілуі. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі келісу комиссиясы мүшелерін оқытуға, келіссөз және медиация рәсімдерін жүргізуге әрдайым көмек көрсетуге дайын», – деп атап өтті.
Еңбек заңнамасын түсіндіру және сот тәжірибесімен таныстыру жұмыстарын Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьялары Жанар Уызбаева мен Жанна Машанова жүргізді.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» бітістіру орталығының жетекшісі Марина Иванова еңбек дауын сотқа талап-арыз берместен, сотқа дейінгі тәртіпте медиация әдістерін пайдалана отырып шешу тәжірибесімен бөлісті.
Еңбек дауларының алдын алу және келісу комиссияларының мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған кездесу барысында қатысушылар барлық өзекті сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараның қорытындысын шығара отырып, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі» директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Динара Қанатбаева және Павлодар филиалы «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафаил Сабаров еңбек дауларының алдын алуға бағытталған осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Барлық пайдалану локомотив деполарында локомотив паркін жазғы пайдалану кезеңіне кешенді даярлау жұмыстары жүргізілді. Көктемгі комиссиялық те...
2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...
Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...