Журналистерге астық экспортының логистикасы көрсетіліп, Өзбекстан шекарасындағы кептелістің себептері түсіндірілді
Шымкент қаласында қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау мәселелеріне арнал...
2025 жылдың қаңтарында ақмолалық теміржолшылар 696,7 мың тонна жүк тасымалдады, оның ішінде 512,8 мың тонна астық, бұл 7 478 вагонға тең. Жалпы көлемнің 94,1 мың тоннасы (1 408 вагон) ел аумағы бойынша, ал экспортқа — 418,6 мың тоннасы (6 070 вагон) тасымалданды.
Орталық Азия, Қытай және Ақтау порты (экспорт) бағытында астық тасымалдауға арналған маршруттарды ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Қаңтар айында экспортқа 5 астық жөнелту маршруты құрылды. Астық 1228 контейнерде тасымалданды, оның 20-сы ұйымдастырылған маршруттарды құрайды.
2024 жылы Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 7,2 млн тонна жүк тасымалданды, оның негізгілері астық, ұнтақ өнімдері, цианид және басқалар болды.
Тасымалдау процесі тартудың екі түрімен: тасымалдаудың 96% қамтамасыз ететін электровоздық (Қырқыншы – Астана – Көкшетау – Жаңа-Есіл – Пресногорьковская учаскелерінде) және тепловоздық (Петропавл – Көкшетау – Қызыл -Ту учаскелерінде) жүзеге асырылды.
Шымкент қаласында қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау мәселелеріне арналған баспасөз туры өтті. Іс-шара барысында журналистерге астықтың Ө...
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісімен жүк тасымалының көлемі 287,8 млн тоннаға жетті...
Бүгін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымында теміржол саласында көп жыл еңбек еткен құрметті әріптесіміз — Мусина Айгүл Есмұханқызына...