Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
573 / 05.11.2024 14:47

Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді

Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық көрсеткіштерден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11% өсіммен 2,9 млн тоннаны құрады.

Астықты өңдеу және ұнды тиеу бойынша абсолютті көшбасшы жалпы тиеудің 50% үлесімен Қостанай облысы болды, екінші орынды 17% үлесімен Ақмола облысы иеленді.

Бұл ретте қыркүйек-қазан айларында жаңа егін астығы  ұнтақтағының 0,5 млн тоннадан астамы тасымалданды. Ұнтақ өнімдерін тасымалдаудың негізгі бағыттары Орталық Азия елдері болып табылады, қазақстандық ұн импортының көшбасшылары

Ауғанстан (788 мың тонна), Өзбекстан (454 мың тонна), Тәжікстан (57 мың тонна), Түрікменстан (28 мың тонна) және Қырғызстан (23 мың тонна) болды.

Қытай нарығы да оң динамиканы көрсетіп, ағымдағы жылдың 10 айында 0,5 млн тонна белгісінен асып, өткен жылға қарағанда 48% өсті. Жабық вагондар паркі ұнтақ өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті және 15 мыңнан астам вагонды құрайды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен өңірлерде мәселелерді шешу және астық жүктерін тасымалдауды бақылауды қамтамасыз ету үшін астық және ұнтақ өнімдерін тасымалдау бойынша жедел штабтар жұмыс істейді.
Поделиться:
Популярные новости
8 / 18.06.2025

Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымал көлемі өсе түсуде

2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...

10 / 17.06.2025

Құрметті әріптестер!

Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...

5 / 17.06.2025

ВЧД-13-те екі тәжірибелі маманды зейнетке шығарып салды

Қарағанды пайдалану вагон депосының (ВЧД-13) ұжымы Жезқазған станциясының ПТО бастығы Нұрқайдар Жапабаев пен Қарабас станциясының ұстасы Павел Г...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер