Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ЖШС – жүк тасымалы – «Батыс» филиалы понтон көпірін тасымалдауды жүзеге асырды.
534 / 08.04.2024 10:15

«ҚТЖ» ЖШС – жүк тасымалы – «Батыс» филиалы понтон көпірін тасымалдауды жүзеге асырды.

Ақтөбе облысында Қарулы Күштердің әскери инженерлері Ойыл өзені арқылы өтетін понтон көпірін орнату жұмыстарын сәтті аяқтады. Бұл көпір адамдарды, жануарларды, гуманитарлық көмек пен техниканы тасымалдау үшін пайдаланылатын маңызды инфрақұрылымдық нысан болып табылады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы 60 тоннаға дейінгі жүктемені көтеретін аталмыш өткелді қамтамасыз етуге  көмектесті.
Жабдықтар кешенін, соның ішінде понтон көпірін және қажетті жабдықтарды тасымалдау үшін мыналар іске тартылды:
- КрАЗ 255 понтон-көпір паркінің 3 бірлік экипажы (жүк көтергіштігі 20 тонна).
- 2 бірлік КрАЗ 255 автокөлігі.
- 1 бірлік ПТСМ (шынжыр табанды жолдардағы жүзетін тасмалдағыш, салмағы 17 тонна).
- КрАЗ негізіндегі 2 қайық.
- 1 Урал жүк көлігі.
- 1 Ротан үрлемелі қайық.

Барлық техника 12 платформаға жүктеліп, жеке құрамға 1 санатты вагон бөлінді. Жүк тиеу Қапшағай станциясында 2024 жылдың 3 сәуірінде сағат 21:21-де жүргізілді, одан кейін көпір 2024 жылдың 4 сәуірінде сағат 0:00-де жөнелтілді.

Понтон көпірі 06.04.24 жылы күні сағат 00:12-де №1592 пойызбен Шұбарқұдық станциясына сәтті жеткізіліп, 01-10 кірме жолға жеткізіліп, сағат 4:00-де түсірілді.

Бүгінгі таңда понтон көпірі Ойыл өзенінде жұмыс тәртібінде жұмысын жалғастыруда, және өткелді жалғастыруда.
Поделиться:
Популярные новости
16 / 06.09.2024

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...

215 / 27.08.2024

ҚТЖ биылғы астықты және жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайын

ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...

682 / 07.08.2024

Шілде айындағы жұмыс қорытындысы

Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапа...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер