ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
«ҚТЖ» ҰК» А...
Вагон шарушылығының өндірістік-техникалық бөлімдері басшыларының корпоративтік даму бағдарламасы аяқталды
Астанада вагон шаруашылығының өндірістік-техникалық бөлімдерінің (ӨТБ) басшыларын дамытуға бағытталған екі айлық үш модульді оқыту бағдарламасы сәтті аяқталды. Бағдарлама «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды.
Бағдарламаның алпыс жеті қатысушысы пойыздардың қауіпсіздігі, вагондар паркінің қауіпсіздігі және кадр саясаты сияқты мәселелердің кең ауқымы бойынша құнды білім алды. Оқу техникалық аспектілерді, сондай-ақ экономика мен қаржының аспектілерін де қамтыды.
Қорытындылау рәсімі аясында қатысушыларға «Үздік командалық белсенділік», «Жеңіске деген табандылық пен ерік-жігер», «Кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейі» және басқа да көптеген номинациялар бойынша жетістіктері үшін сертификаттар табыс етілді.
Аталмыш бағдарлама қатысушылардың кәсіби дағдыларын шыңдап қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және вагон шаруашылығы саласында ұжымдық жұмысты күшейтуге ықпал етті. Ұйымдастырушылар бағдарламаның сәтті жүзеге асырылғаны үшін барлық қатысушылар мен серіктестерге алғыс білдіреді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...
ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...
Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапа...