Екі теміржол әкімшілігінің тарихындағы жаңа рекорд
2024 жылдың 28 наурызында Достық-Алашанькоу халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды: бір күнде Қытайға 21 пойыз экспорттық қатынаста жіберілді. Бұл жетістік екі теміржол әкімшілігінің ынтымақтастығын білдірді және олардың тиімді ынтымақтастық пен үйлестіру қабілетін көрсетеді.
Бұл күні жалпы салмағы 40 081 тонна болатын 732 вагоннан тұратын 1520 мм кең жолтабанды 20 пойыз, сондай-ақ жалпы салмағы 1498 тонна болатын 50 вагоннан тұратын 1435 мм тар жолтабанды 1 пойыз жөнелтілді.
Бұл нәтиже екі тарап жұмысшыларының, соның ішінде қытайлық теміржол өкілдерінің, Достық мемлекетаралық торабындағы «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС мамандарының, сондай-ақ ПБӨО-2 мамандарының бірлескен күш-жігері мен адал еңбегінің арқасында мүмкін болды.
Маневрлік жұмыстарды ұйымдастыруға, пойыздарды қабылдау мен жөнелтуге елеулі үлес қосқан ауысым жұмысшыларының жоғары кәсіби шеберлігін атап өткен жөн. Олардың қатарында: маневрлік диспетчерлер Каримов Тасқын Мұратұлы мен Қажыбеков Ерлан Қажыбекұлы, станция кезекшілері Бошаев Еркебұлан Дүйсенбекұлы және Нұрмұханов Әділ Төлегенұлы, станциялық орталықтандыру бекетінің кезекшісі Қаниятов Мерей Сабыржанұлы, жүк жөнелтуші агенттер Битанова Куралай, Котанов Аскар, Васюк Вячеслав.