Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
215 / 19.02.2024 14:30

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

16 ақпанда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС сот және талап қою мәселелерін талқылауға орайластырылған Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Оның жұмысына компанияның мамандандырылған департаменттері мен аймақтық филиалдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС келісу комиссиясының мәселелері, өнім берушіні сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы істер бойынша сот тәжірибесіне шолу қарастырылады. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізуді тоқтатудың негізі ретінде борышкердің банкроттық рәсімі бойынша сот тәжірибесі, сондай-ақ Монополияға қарсы комплаенс енгізу тәжірибесі туралы баяндамалар тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар компанияның жұмысын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы Уәлихан Уәйісов: «Отырыс тәжірибе алмасу, стратегияларды әзірлеу және сот және талап қою жұмысындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған», - деп атап өтті.


«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметі.
Поделиться:
Популярные новости
47 / 06.09.2024

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...

249 / 27.08.2024

ҚТЖ биылғы астықты және жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайын

ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...

691 / 07.08.2024

Шілде айындағы жұмыс қорытындысы

Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапа...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер