Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пу...
Алматы жүк тасымалдау бөлімінде «Үздік тауар кассирі» атағына конкурс болып өтті. Конкурс мақсаты – жүк тасымалы саласында темір жол клиенттерімен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру. Тауар кассирлері төлемдердің уақтылы есептелуін қамтамасыз етіп, жүктерді қабылдау, тиеу және беру, сондай-ақ оларды қайта жіберу жөніндегі құжаттарды тексереді және ресімдейді.
Үздік кәсіпқой атағы үшін Достық, Алтынкөл, Алматы, Талдықорған, Текелі, Қарабұлақ, Үштөбе, Ақтоғай, Бескөл, Матай, Қапшағай, Іле, Жетіген, Малай-Сары, Сарыөзек, Тентек, Байсерке, Шелек, Бұрундай, Отар, Жетісу, Медеу, Шамалған, Ақсенгір және Қайрат станцияларының тауар кассирлері бақ сынасты. Байқауда үздіктердің үздіктері жеңіске жетті.
Үздік маман ретінде Достық станциясының тауарлық кеңсе бастығы Салтанат Жәкенова танылды. Бұл қызметте ол 20 жылдан астам жұмыс істейді, «Үздік маман» атағына да ие. Үздіктер арасында Алтынкөл станциясының аға тауар кассирі Арай Төлегенова да бар, мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 17 жыл. Талдықорған станциясының аға тауар кассирі Лариса Бондаренко бай өмірлік тәжірибе мен нормативтік базаны жақсы білетіндігін көрсетті. 33 жылдан астам жұмыс тәжірибесі мен кәсібилігі оның мамандығы бойынша үздіктер қатарында болуына алып келді. Осы мамандық бойынша 17 жыл жұмыс істеген Іле станциясының тауар кассирі Айжан Сапарғалиева кәсіби білімін, дағдыларын, креативтілігі мен ойлау логикасын көрсетті.
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...
ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...