ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-лог...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында теміржол көлігімен астық тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24% ұлғайды. 2023 жылдың 10 айында теміржолмен 9,4 млн тонна астық тасымалданды. Астық экспорты 29% өсіп, 7,7 млн тоннаны құрады. Ел ішінде 1,7 млн тонна тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4% артық.
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тиеу 4%, яғни 2,5 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте экспортқа 1,8 млн тонна жөнелтіліп, өсім 7% құрады.
Қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран, Ресей және ҚХР елдері болып отыр. 10 айда Өзбекстанға астық тасымалдау 24%, Тәжікстан 9%, Түрікменстан 78%, Ресей 56% өсті. Қырғызстанға астық тиеу екі есе, ҚХР - ға тиеу үш есе артты. Өзбекстанға ұнтақ өнімдерінің экспорты 5%, Қырғызстанға 67% және Қытайға 79% өсті.
Қазан айында 900 мың тоннадан астам астық, 283 мың тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды. Ел ішінде астық тасымалы 25%, ұнтақ өнімдері 42% өсті.
Астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауға 17,2 мыңнан астам жабық вагон және 10 мыңнан астам астық тасымалдаушы тартылды.
ҚТЖ желісі бойынша жүктерді тасымалдау теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін ескере отырып, жүк жөнелтушілердің өтінімдері бойынша алдағы айға қалыптастырылатын негізгі жоспар шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау ая...
2025 жылғы маусым айында «Шубаркөл Көмір» АҚ көмірін экспортқа темір жол арқылы тасымалдау көлемі жаңа рекорд орнатып, 841 мың тоннаны...
Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Отар станциясындағы локомотив бригадаларының жол бөлімшесі (ДОЛБ) ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары аяқ...