ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
«ҚТЖ» ҰК» А...
Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға арналған барлық өтінімдер 100% қамтамасыз етіліп, тиеу станцияларына жақындағанда цистерналардың үш тәуліктік қоры жинақталды.
27 қазанда ҚР Энергетика министрлігінің, облыстар әкімдіктерінің, ҚТЖ және мұнай өңдеу зауыттарының қатысуымен кеңес өтіп, онда цистерналарды ілгерілету проблемалары жоқ және зауыттар өтінімдер бойынша берілген барлық вагондарды игеріп жатқаны атап өтілді.
ҚТЖ-да СТГ және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істейді, вагондардың қозғалысы ерекше бақыланып, жүктерді тұтынушыларға жеткізудің нормативтік мерзімі мен вагондарды түсіру фронттарына дейін жеделдетіп беру қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, өңірлерде СТГ және мұнай өнімдері қорларының жинақталуына жергілікті атқарушы органдардың тиеуге өтінімдерді уақтылы беруі, мұнай өңдеу зауыттарының тиеуді төлеуі және бөлуі әсер етеді.
Мұнай өнімдері мен газды тасымалдауды ұйымдастыру үшін жеке операторлардың арнайы жабдықталған вагон-цистерналары пайдаланылады.
Ағымдағы жылғы қазан айының 26 күнінде 122,6 мың тонна СТГ және 616,8 мың тонна бензин мен дизель отыны тиеліп, жоспардың орындалуы 100% құрады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...
ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...
Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапа...