«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
Күн сайын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (астық, ұнтақ өнімдері, қант, май, көкөністер және т.б.) жеткізуді жедел реттеу үшін селекторлық кеңестер өткізеді. Кездесулер мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер өкілдерінің, өңірлердің ұн тартушы операторларының қатысуымен өтеді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік маңызы бар жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Ағымдағы жылдың қазан айына жөнелтушілердің республика ішінде жүктерді тасымалдауға барлық өтінімдері 100% келісілді. Бос вагондарды тиеуді қамтамасыз ету ерекше бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша 8,8 мың тонна әлеуметтік бидай жөнелтілді. Жүк жөнелтушілерден теміржол көлігімен тасымалдаудың қалған көлеміне өтінімдер түскен жоқ.
Ұлттық жүк тасымалдаушы тиімді тасымалдауды ұйымдастыру үшін тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының бірлескен өзара іс-қимылы мен тығыз ынтымақтастығы талап етілетінін еске салды.
Селекторлық кеңестер барысында жүк жөнелтушілер жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізу үшін өз ұсыныстарын айтады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...