«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
Шу қаласында теміржол саласы ардагерлерінің бастамасымен Шу – Мойынты теміржол желісінің құрылысы аяқталғанына 70 жыл толуына орай көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
«Біз саламыздың тарихында жарқын із қалдырған теміржолшыларға терең құрмет, қастерлеу және алғыс айту үшін жиналдық. Мойынты – Шу желісі ауадай өте қажет болды», - деп атап өтті теміржол саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиев.
Ұзындығы 438 км Мойынты – Шу теміржол желісінің құрылысы 1953 жылы аяқталды. Бұл аңызға айналған және жалпыхалықтық құрылыс қана емес, ел үшін де сын-тегеурін болды. Жол Қазақстан үшін үлкен халықтық-шаруашылық маңызға ие еді. Ол елдің солтүстік өңірлерін оңтүстік облыстармен және Орталық Азия республикаларымен байланыстырып, республиканың оңтүстік облыстарына Қарағанды көмірін жеткізуге жол ашты.
ҚТЖ орталық мұражайында қазақстандық теміржолшылар мен құрылысшылардың қиын климаттық жағдайларда еңбек еткендерін баяндайтын бірегей фотоматериалдар, газет қиындылары сақталған. 40 градусқа дейін ыстықта қиын климаттық және тұрмыстық жағдайларда жұмыс істеу керек болды. Су 10-15 шақырымнан жерден жеткізілді. Олар жертөлелерде, киіз үйлерде және шатырларда тұрды.
Станцияларда вокзалдар мен жолаушылар платформалары, тепловоз деполары, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыс және коммуналдық мақсаттағы объектілер, қоғамдық тамақтану, сауда және денсаулық сақтау, теміржолшылардың балаларына арналған балабақшалар мен интернаттар салынды.
Мойынты – Шу теміржолы көптеген теміржол әулеттерінің құрылуына себепші болды. Құрылысқа Қазақ ССР-нің 14 облысынан 20 мыңға жуық адам келді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...