«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде ҚТЖ-ның еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін жоспарлы жаңартуды жүргізуде. 2023 жылдың басынан бастап 86 заманауи локомотив сатып алынды. Оның ішінде ТЭ33АС сериялы 55 тепловоз, 2ТЭ25КМ сериялы 14 тепловоз және KZ8А сериялы 17 электровоз бар.
Жыл соңына дейін парк тағы 52 локомотивпен толықтырылады. 2029 жылға дейін 218 локомотив, оның ішінде ТЭ33АС сериялы 75 магистральдық тепловоз, KZ8А сериялы 130 электровоз және ТЭМ11А сериялы 13 маневрлік тепловоз сатып алынады.
Қазіргі заманғы локомотивтер Астана қаласындағы зауыттарда жиналады. Бұл ауыр жүк пойыздарымен жүк тасымалдауды жандандыруға қабілетті сенімді техника. Қазірдің өзінде заманауи локомотивтер Қандыағаш – Тобыл, Тобыл – Астана, Астана – Павлодар және басқа да учаскелерде салмағы 6 мың тоннадан асатын пойыздарды тартуда.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық жүк тасымалдаушы паркінде 1,6 мыңнан астам локомотив бар. Жылжымалы құрамның бұл мөлшері жоспарланған жүк көлемін тасымалдау үшін жеткілікті.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қытайға ресми сапары кезінде ҚТЖ қытайлық «CRRC Corporation Limited» корпорациясымен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, ол бойынша 200 маневрлік және магистральдық локомотив сатып алынып, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтары мен инжинирингтік орталық ұйымдастырылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...