«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
Достық – Алашаңқай шекаралық теміржол өткелі арқылы ҚХР-ға экспорттық жүк ағынының өсімі сақталуда.
Биылғы жыл қорытындысында түйісу бойынша жалпы тасымалдау көлемі 14,4 млн тонна, оның 10 млн тоннасы экспортқа жоспарланған және келісілген. Айта кету керек, экспортқа тасымалдау жоспарын келісу кезінде ҚТЖ желінің инфрақұрылымдық шектеулерін ескере отырып, өзіне жоғары міндеттемелер алды.
Ағымдағы жылдың 9 айында тасымалдау көлемі 11,9 млн тоннаны құрады, бұл ТЖЫҰ жоспарына қарағанда 10% және өткен жылдың ұқсас көрсеткішіне 17,5% жоғары.
Ағымдағы жылдың 16 қазанында Достық – Алашаңқай өткелі арқылы жүк пойыздарының рекордтық саны - 17 құрам (720 астам вагон) берілді. Бұл нәтижеге станцияның тиімді жұмысы арқылы қол жеткізілді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшысы Владимир Петров жедел штабта жұмыстың оң нәтижелерін атап өтіп, Достық станциясы мен Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымдарына алғысын білдірді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...