Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
192 / 21.08.2023 00:00

Контейнерлерде астық тасымалдау 2,5 есе өсті

2023 жылғы 17 тамызда Қостанай қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері өңірдің жүк жөнелтушілерімен кездесу өткізді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Н. Келбұғановтың төрағалығымен биылғы  егінді жинау қарсаңында астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

2023 жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ 6,7 млн. тонна астық тасымалдауды қамтамасыз етсе, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 30%  артық. ҚХР-ға астықты контейнерлермен тасымалдау 2,5 есе өсті.

Қостанай бөлімшесі бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарты жылда 3,5 есе көп контейнер тиелген.

 Компания жүк жөнелтушілердің өтінімдерін толық көлемде орындау үшін барынша күш салады. Астық жүктерін тасымалдауды үйлестіру жөніндегі штаб жұмыс істеп, мемлекеттік құрылымдар мен астық компанияларының қатысуымен тұрақты кеңестер өткізіледі.

500 астам клиент қатысатын жедел штабтың және жүк жөнелтушілермен жалпы чаттың жұмысы арқасында ағымдағы жыл ішінде айына 1 млн тонна деңгейінде біркелкі тиеуге қол жеткізілді.

Жүк жөнелтушілер тасымалдарды жоспарлау кезіндегі іс-қимылдардың келісілуіне назар аударды, сондай-ақ бос вагондарды адрестеу жүйесін енгізу бөлігінде ҚТЖ ұсыныстарын өздерінің берілген өтінімінің көлеміне тең мөлшерде қолдады.

Өңірде тасымалдауды ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін ҚТЖ Қостанай станциясының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараларды іске асырады. Қосымша 7 станциялық жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

Жүк жөнелтушілер кездесудің сындарлы сипатын атап өтіп, теміржолшылармен диалогқа риза екендіктерін білдірді. Көтерілген проблемалық мәселелер сол жерде шешімін тапты.

 9de808f3-7437-4d1d-80ba-00b71df53252.jpg

4b89ead7-bad6-4de6-befc-c34275d2b9cd.jpg

b9b5c4f7-b44f-4a06-8269-e168fce21721.jpg

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 

Поделиться:
Популярные новости
29 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

220 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

143 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер