Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Ағымдағы жылдың 14-20 тамыз аралығында теміржол инфрақұрылымын күрделі және ағымдағы жөндеу үшін ұзақтығы 4,1 мың сағаттан асатын 928 астам технологиялық «толаскез» өткізу жоспарланған. Бір «толаскездің» ұзақтығы – жоспарланған жұмыс көлеміне байланысты бір сағаттан 10 сағатқа дейін.
Жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүргізілуде.
2023 жылдың соңына дейін барлығы 1126 км теміржол магистралін жөндеу жоспарлануда, оның 557 км - күрделі.
«Толаскездерді» өткізу кезінде жекелеген учаскелерде пойыздар қозғалысы жылдамдығын сағатына 25 км-ге дейін шектеу енгізіледі, соның салдарынан кешігулер орын алуы мүмкін.
Теміржол жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...