Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
507 / 04.08.2023 00:00

Елорда теміржолының жүк қақпасы

Алматы ауданына қарасты «Теміржолшылар» тұрғын алабындағы Қырқыншы – осы өңірдегі ең байырғы теміржол бекеті. 1931 жылы Целинный теміржолы Ақмола бөлімшесінің екінші класты стансасы ретінде құрылған. Бүгінде 92 жылдық тарихы бар бірінші санатты стансада елордаға ғана емес, Ақмола өңіріне вагондармен келетін барлық жүк қабылданып, түсіріледі.

Әкімшілік ғимаратының алдынан бізді станса бастығы Алексей Чернай жылыұшырай және тілшілер келе жатыр деген соң, сәл толқыныспен қарсы алды. Өзі де теміржолшылар әулетінен шыққан ол үш жылдан бері осы мекемені басқарып, бес бағытта теміржол тасымалын жүзеге асыратын  станса жұмысын үйлестіріп отыр.

– Бұл жерге негізінен, жүк пойыз­дары тоқтайды, сонымен қатар 1 жолаушылар, 2 электр пойызы аялдайды. Тек Астана қаласына ғана емес, жалпы Ақмола облысына пойыз­бен жеткізілетін жүктердің барлық түрлері осы стансадан түсіріледі және кететін жүктер тиеледі. Мұндай ауқымды жүк тиеу, түсіру жұмыстары ескі Астана-1 стансасында да жүргізілмейді. Сондықтан Астананың, жалпы Ақмола өңірінің экономикасы үшін Қырқыншы стансасының маңызы зор, – деп бастады сөзін ол.

Кезінде Ақмоланың іргесіндегі жалғыз белді ауыл болған Теміржолшылар кентінің атауы осы стансамен байланысты пайда болған. Себебі мұнда, негізінен, стансада қызмет ететін теміржолшылар өмір сүрген. Ал бүгінде қала кеңейіп кентке дейін жеткендіктен, елорданың шет аймақтарының бірі ретінде дамытылуда. Дегенмен әлі де бұрынғы атауына сай сипаты мен маңызы өзгерген жоқ. Өйткені Ақмола астана болып ауысқаннан кейін мұндағы жүк айналымы одан сайын арта түсті. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жүк айналымының ең көп бөлігі осында жүзеге асырылады.

– Жолаушылар пойыздары көп тоқтамайтындықтан, мұнда вокзал салынбаған. Дегенмен үш пойызға мінетін жолаушылар үшін әкімшілік ғимараты жанына қыста жылытыла­тын контейнер қойдық. Бізде бірінші кезекте барлық әлеуметтік маңызды жүктерді түсіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жүктер – елордадағы жол салу, тұрғын үйлер құрылысы үшін аса қажет цемент, кірпіш, плита сияқты құрылыс материалдары және күзде жеткізілетін көмір. Маусымдық жұмыстар кезінде қала және Алматы ауданы әкімдіктерімен тығыз жұмыс жүргіземіз. Одан басқа да нарықта қандай жүк түрі бар, соның бәрі осында келіп, жан-жаққа таралады. Осы жүктерді қабылдап алатын 90 кірме жол бар, сол жолдарда тәулігіне 300 вагон жүк түсіріледі. Жүктерді жөнелту және қабылдап алу қызметіне тапсырыс беретін 240 клиенттің көңілін тауып, олармен бірлесе жұмыс істейміз. Станцияда 15 жол болса, соның бесеуі – жолаушылар пойыздарын өткізуге, төртеуі – вагондарды кірме жолға беруге дайындауға, қалғандары жүк пойыздарын жөнелтуге арналған, – дейді А.Чернай.

Станса аумағында ірі өндірістік аймақтың болуы, бірнеше алып зауыттардың орналасуы да теміржол тасымалының жүгін еселей түседі. Биыл жыл басынан бері стансада 46 мың вагон жүк түсірілген. Бір вагон орташа есеппен 50 тоннадай жүктен тұрса, барлығы – 3 миллионнан астам тонна жүк түсірілді деген сөз. Теміржолшылардың айтуынша, станса екі қайта құру кезеңінен өткен. Біріншісі 1985 жылдары Целиноград қаласын дамыту үшін құрылыс нысандарын салумен байланысты жүк айналымының өсуіне байланысты болған. Сол кезде шағын бекет тораптық және жүк станциясы деген мәртебе алған. Екінші қайта құру «Нұрлы жол» вокзал кешенінің ашылуымен байланысты болды.

Мекемеде 124 теміржолшы еңбек етсе, соның 30 пайызы аталған кентте өмір сүреді. Соның ішінде 5 станса кезекшісі, 9 пойыз құрастырушы, 5 кезекші көмекшісі, 14 тауар кассирі, маневрлік диспетчерлер, жүк қабылдап, жөнелтушілер, кеңсе қызметкерлері бар. Олардың арасында 143 жылдық еңбек өтілі бар әулеттердің өкілдері жұмыс істейді.

Поделиться:
Популярные новости
37 / 10.12.2024

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...

123 / 04.12.2024

«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...

479 / 02.12.2024

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің 5 мыңға жуық қызметкерін жеткізу жаңа автокөлікпен жүзеге асырылатын болады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер