Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Кәсіби мереке - Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Астана станциясының локомотив пайдалану депосында балаларға арналған ашық есік күні өтті.
Балалар локомотив депосының нақты жағдайына қанығып, кәсіпорын тарихы мұражайының экспонаттарын көре алды және локомотив кабинасында болды.
Елордалық депо 1931 жылы Петропавл – Көкшетау учаскесі бойынша пойыздар қозғалысы басталған кезде құрылды. Мұражай бойынша экскурсияны осы кәсіпорында 40 жылдан астам жұмыс істеген депо ардагері, Құрметті теміржолшы, бұрынғы машинист-нұсқаушы Владимир Ульяненко өткізді. Оның көз алдында депо дамып, өркендеді. Фотосуреттері мұражай стендтерінде ілінген көптеген адамдарды ол жеке білетін.
Балалардың назарын теміржолшылар күнделікті жұмысында пайдаланған құралдар, оқу құралдары, өткен ғасырдағы машинистердің құжаттары, бүгінгі күнге дейін сақталған марапаттар ерекше аударды. Экспонаттар арасында "Қарағанды темір жолы машинистерінің Озық жұмыс тәжірибесі" брошюрасы (1949 ж.), "Паровоздарды жөндеу" кітабы (1952 ж.) бар.
Алғашқы паровоздардың, тепловоздардың және электровоздардың макеттері балаларға үлкен әсер қалдырды.
Мұражай үнемі толықтырылып отырады. Депо қызметкерлері мен ардагерлері отбасылық мұрағаттардан құнды заттарды әкеледі.
Заманауи электровозда балалар машинистің көліктегі басты мамандық екеніне көз жеткізді, ал пойыздарды жүргізу - бұл құрметті және маңызды мәселе.
Депо бойынша экскурсия барысында балаларға теміржолдағы тәртіп ережелері туралы еске салынды.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...