Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдарының жұмысы қорытындыланды. Қазақстан Қытайға темір жол көлігімен жүк экспортын ұлғайтып жатқаны атап өтілді. ҚР-дан ҚХР-ға 8,3 млн тонна түрлі жүк жөнелтілсе, бұл өткен жылдың алты айынан 37%-ке артық.
Бірінші жартыжылдықта астық жүктерінің экспорты үш есеге, 1 млн тоннаға дейін, металл кені 15%-ке, 4 млн тоннаға дейін, оның ішінде 2,6 млн тонна темір кені өсті, бұл өткен жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 25%-ке артық. Сонымен қатар 220 мың тонна түсті металдар экспортталып, өткен жыл көрсеткішіне өсім 55% құрады және де 75 мың тонна өсімдік майы (70% - ға).
Қытайдан Қазақстанға жүк импорты 2023 жылғы қаңтар-маусымда 13%-ке, 5,4 млн тоннаға дейін өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл автомобильдер 13%-ке, құрылыс жүктері - 30%-ке, ал химиялық жүктер-5%-ке көп импортталды.
Елдер арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 13,7 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ке артық.
Екі елдің шекара маңы станциялары ұжымдарының бірлескен шаралары мен үйлесімді жұмысы Қытаймен шекара өткелдері арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...