Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар балалары арасында  мерекелік челлендж жарияланды
122 / 21.05.2023 13:42

Теміржолшылар балалары арасында мерекелік челлендж жарияланды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас теміржолшы!» челленджін іске қосты. Іс-шара корпоративтік рухты, теміржолшы мамандығының беделін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Челленджге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлерінің отбасыларынан шыққан балалар қатыса алады. Балаларға негізгі мамандық иелері болып табылатын ата-аналарының формалық немесе арнайы киімімен суретке түсу ұсынылады.

Пост әлеуметтік желіде орналастырылуы керек және де челлендж ережелері бойынша эстафета келесі қатысушыға тапсырылады (оның аккаунтын өз постымен белгілеу қажет). Пост мәтінінде #челленджГП_юныйжелезнодорожник хэштегін көрсету қажет.

Жеке фотосуреттер корпоративтік сайтта және ҚТЖ әлеуметтік желісінде орналастырылады.

Челлендж 31 мамырға дейін жалғасады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі          
Поделиться:
Популярные новости
22 / 20.09.2023

ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Қазтемиртранс» АҚ басшыларының қаты...

23 / 19.09.2023

ҚТЖ: астық тасымалдау ең алдымен негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады

ҚТЖ тасымалдарды жоспарлау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен б...

25 / 17.09.2023

«Батареяны тапсыр да кірпіні құтқар!» жобасы аясында 200 келіден астам пайдаланылған батарея жиналды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да пайдаланылған қуат көздерін жинау бойынша «Батареяны ...

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер