Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ отандық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін енгізуде
405 / 12.05.2023 10:32

ҚТЖ отандық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін енгізуде

Қазақстандық әзірлеушілердің МПО-QZ станциялық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі ең жүктемесі жоғары  бағыттардың бірі – Достық – Ақтоғай учаскесінде тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

Әзірлеме микропроцессорлық орталықтандырудың жаңа буынын білдіреді. Бұл ДО пунктінің желілік функциялары интеграцияланған автоматты құлыптаудың, автоматты локомотив және өткел дабылы  функцияларын біріктіретін заманауи платформалық шешім.

МПО-QZ қолдану тасымалдау процесін басқаруды барынша автоматтандыруға, теміржол желілерінің қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кіріктірілген диагностика мен мониторинг жүйесінің арқасында пайдалану шығындары айтарлықтай азаяды.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық зертханасының басшысы Бақыт Тойбаевтың айтуынша, жүйе адами фактордың әсерін азайтады, бұл пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне оң әсер етеді, сондай-ақ отандық кадрлардың дамуына және тасымалдау процесін басқаруға цифрлық технологияларды енгізуге серпін береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
/ 18.07.2025

Вагондарды қараушы-жөндеушілердің үздіктері Қарағанды-Сұрыптау станциясында анықталды

Rail-news.kz хабарлауынша, Қарағанды-Сұрыптау станциясында вагондарды қараушы-жөндеушілер арасында «Жас үздік маман-2025» кәсіби шеб...

4 / 16.07.2025

Қытай арқылы теміржолмен Вьетнамға қазақстандық бидай жөнелтілді

15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы теміржол көлігімен Вьетнамға экспортталды. Астық Достық және Алтынкөл шекара өткелд...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер