Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында теміржолдық машина жасауды дамыту мәселелері талқыланды
110 / 14.05.2023 10:25

Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында теміржолдық машина жасауды дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және негізгі машина жасау кәсіпорындарының ("Локомотив құрастыру зауыты" АҚ, "Электровоз құрастыру зауыты" АҚ, "STADLER KAZAKHSTAN" ЖШС және т.б.) өкілдері қатысты. 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ю. Лавриненко теміржол машиналарын жасауды дамыту бойынша секциялық отырысты ашты. Ол геосаяси жағдай және оның тасымалдау процесіне қатысушыларға әсері жағдайында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның инфрақұрылымдық мүмкіндіктері шектеулі екендігін ескере отырып, теміржол машиналарын жасауды қолдаудағы мемлекеттің рөлін күшейту және саланы ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Отырыста теміржол өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісті оқшаулау, саланы цифрландыру, төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелері қаралды.  Теміржол машина жасау кадрларын даярлауға және дамытуға баса назар аударылды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Б.Котырев тасымалдау процесін қамтамасыз ету тұрақтылығының негізгі кепілдерінің бірі сенімді, қолжетімді және бәсекеге қабілетті жылжымалы құрам, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлердің кәсіби деңгейі болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ инфрақұрылымында пайдалану сынақтарынан өткен жаңа техника өндірушілеріне куәліктер салтанатты түрде тапсырылды.

 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
25 / 20.09.2023

ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Қазтемиртранс» АҚ басшыларының қаты...

26 / 19.09.2023

ҚТЖ: астық тасымалдау ең алдымен негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады

ҚТЖ тасымалдарды жоспарлау кезінде уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен б...

29 / 17.09.2023

«Батареяны тапсыр да кірпіні құтқар!» жобасы аясында 200 келіден астам пайдаланылған батарея жиналды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да пайдаланылған қуат көздерін жинау бойынша «Батареяны ...

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер