Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
63 / 23.03.2023 17:49

ҚТЖ ҚХР-дан ОА-ға дейінгі транзиттік жүк ағындарын Алтынкөл станциясына қайта бағыттайды

Варшава қаласында (Польша) өткен ТЖЫҰ-ның кезекті кеңесінде Қытай Цзинхэ - Алашанькоу учаскесінде екінші желі құрылысының барысы туралы, ал  қазақстандық тарап Достық-Мойынты учаскесінің екінші жолдарының құрылысы туралы хабардар етті.

Кездесуде ТЖЫҰ мүшелері үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Алтынкөл - Қорғас пункті арқылы баламалы маршрут болған кезде Қытайдан Орталық Азия елдеріне (ОА) және Достық-Алашанькоу арқылы кері жүк транзитінің қозғалысын уақытша тоқтата тұруға келісті.

Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы ҚХР - дан ОА-ға жүк тасымалдау Достық-Алашанькоу түйіскен жеріне қарағанда 500 км-ге қысқа және 10-15% арзан. Бүгінгі таңда Достық - Алашанькоу түйіскен жері бойынша тасымалдау үлесі ОА-ның жалпы көлемінде 20% аспайды.

Алтынкөл мен Қорғас станцияларының заманауи инфрақұрылымы және жүктерді қабылдау мен беру үшін терминалдық мүмкіндіктері бар.

Анықтама үшін: ТЖЫҰ (Теміржол ынтымақтастығы ұйымы) Еуропа мен Азиядағы жетекші теміржол ұйымының рөлін атқарады және 30 елді біріктіреді. ТЖЫҰ-ның штаб-пәтері Варшавада (Польша) орналасқан.

                          "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
37 / 25.05.2023

Ақмолалық теміржолшылар дала өртін сөндіруге атсалысты

2023 жылдың 24 мамыры сағат 16.57 кезінде жүк пойызының машинисты Константин Власов ...

41 / 22.05.2023

Өрт сөндіру пойызы Абай облысының аумағында өртті сөндіруге қатысуда

2023 жылдың 22 мамырында Семей станциясының өрт сөндіру пойызы Абай облысының Ауыл ...

37 / 21.05.2023

Теміржолшылар балалары арасында мерекелік челлендж жарияланды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас темірж...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер