Қостанай өңірінде жаңа егіннің астығын үздіксіз тасымалдау үшін барлық шаралар қабылданды
Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астықты үздіксіз тасымалдау үшін қос...
1986 жылдың 19 ақпанында Екібастұз станциясынан алғаш рет ұзағырақ гудок беріп, ауыр салмақты алып пойыз жолға шықты. Бірегей құрамның ұзындығы 6,5 шақырымға, ал салмағы 43 мың тоннадан асады. Ауыр салмақты көмір тиелген 440 вагонды тартты. Алып жүкті төрт локомотив жеткізді. Қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекорд орнатты. Салыстырар болсақ, қарапайым пойыз 70 вагоннан тұрады және салмағы алты мың тонналық салмағы бар. Еңбек ерлігі КОКП ОК XXVII съезіне орайластырылды.
Теміржолшылардың техникалық тәжірибе жасауына жөнелтілетін жүктердің, әсіресе стратегиялық мақсаттағы: астық пен көмірдің өсіп келе жатқан көлемі мен аймақтың экономикасы түрткі болды. Сапар ұйымдастырушылары барлығын ұсақ-түйекке дейін ойластырды: локомотивтер мен вагондар техникалық қызмет көрсетуден, жүру жолдары – техникалық байқаудан өтті. Пойызға құрамында кәсіби және жоғары класты машинистер мен олардың көмекшілері бар төрт локомотив бригадасы қызмет көрсетті. Теміржолшылар аймақтың климаттық жағдайын ескере отырып, бір айға жуық өте қиын жағдайда жұмыс істеді, негізгі бағытты дайындады.
- Теміржолшыларға қашанда салмақты да ұзартылған пойыздарды жүргізуге деген ұмтылыс тән. Бірақ олардың мүмкіндіктері әр уақытта әртүрлі факторлармен: тарту күші, жолдардың техникалық жағдайы және басқалармен шектелді. Тіпті, паровозды тартым кезінде де тәжірибелі машинистер салмағы екіден төрт мың тоннаға дейінгі құрамдарды алып жүрді. Бұл үлкен жетістік деп саналды. Тепловоздарды паровоздар, кейінірек электровоздар ауыстырған кезде ауыр салмақты құрамдарды өткізу мүмкіндігі де өсті, - дейді сынақты ұйымдастырушылардың бірі, КСРО құрметті теміржолшысы, "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Консультативтік кеңесінің мүшесі Әби Сарқыншақов.
Құрметті теміржолшының айтуынша, алып пойызды басқара отырып, машинистер асқан шеберлік танытты.
Теміржолшылар рекордтық пойызға дейін алты мың, он мың, он екі мың және он бес мың тонналық пойыздарды жөнелтіп отырды. Содан кейін көмір бағыттарын құру үшін олар КСРО темір жолдары тарихындағы ең бастысы болған сынаққа барды.
- Бұл ерлікті өз ісінің жоғары кәсіби мамандары қоя алды. Олар техниканың жоғары деңгейін растады және ауыр салмақты қозғалыстың негізін қалады, - деп атап өтті Павлодар ЖТ бөлімшесінің директоры Мұхтар Жамбылов.
Сапар шамамен 10 сағатқа созылды. Целиноградта (Қазіргі Нұр-сұлтан) теміржолшыларды еңбек батырлары ретінде қарсы алды. Олар мүмкін емес нәрсені жасай алды.
Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астықты үздіксіз тасымалдау үшін қосымша маневрлік локомотивтер тартылды және станция қызметкерлерінің...
Ағымдағы жыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша Ақмола ЖТ бөлімшесі бойынша астық тиеу 419,6 мың тоннаны құрады. Астықтың шамамен 84...
2024 жылдың қыркүйегінде Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 265,2 мың тонна биылғы егін немесе 3,8 мыңнан астам вагон тиелді. Қазақстан б...