Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстанның барлық станцияларында контейнерлерге тиеу рұқсат етілді
788 / 23.02.2021 00:00

Қазақстанның барлық станцияларында контейнерлерге тиеу рұқсат етілді

Айтарлықтай перспективалы контейнерлік тасымалдарды дамыту мақсатында "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" ЖШС 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүк тасымалдарын жүзеге асыратын барлық станциялардың кірме жолдарында контейнерлерді тиеуге және түсіруге рұқсат берді.

Рұқсат елдің көліктік және транзиттік әлеуетін ашу, сервис деңгейін арттыру және әкімшілік кедергілерді жою үшін клиентке бағдарлану шеңберінде берілді.

- Жүк жөнелтушілерге жүктерді тасымалы кезінде вагондарды ғана емес, контейнерлерді де пайдалануға тең мүмкіндіктер беріледі. Бұл жұмыс экспорттық жүктерді контейнерлеуді ұлғайту шеңберінде жүргізілуде. Бұдан басқа, контейнерлік тасымалдар - бұл уақыт талабы, олар қазақстандық экспорттаушыларға бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Бұл ретте көптеген елдер контейнерлік тасымалдарға көшетінін, контейнерлерді ауыстырып тиеу үшін инфрақұрылым дамитынын ескеру қажет. Мысалға, қазіргі уақытта Қытай жабық вагондардағы жүкті қабылдауда қиындық көруде, жүкті контейнерлерде тапсыру жылдам жүруде, - деп атап өтті "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.

Қазіргі уақытта контейнерлерді пайдалану – Қытайға, Еуропа елдеріне және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне өнімдерін экспорттайтын теміржол клиенттері үшін аса қажетті қызмет.Контейнерлердегі жүктерді көліктің бірнеше түрімен: теміржол, автомобиль және теңіз арқылы тасымалдау оңай, осылайша жүктерді жеткізу географиясы кеңеюде. Сондай-ақ шекара маңындағы станцияларда контейнерлерді тасымалдауға және қайта тиеуге жұмсалатын уақыт шығындары қысқартылады.

Поделиться:
Популярные новости
33 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

225 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

158 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер