Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымал көлемі өсе түсуде
2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасында...
2020 жыл шілдесінің қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жалпы тиелім 21,2 млн тоннаны құраса, соның ішінде еліміз бойынша – 14,2 млн тонна, ал экспортқа – 7 млн тонна.
7,3 млн тонна көмір тасымалданды. Қазақстандық тұтынушылар үшін 5,3 млн тонна қатты отын тиелсе, экспортқа – 2 млн тонна.
Астықтың 521 мың тоннасы тиелсе, соның ішінде экспорт 399 мың тонна.
Шілдеде химиялық тыңайтқыштар тасымалы 24% өсті (355 мың тонна), түрлі түсті руда мен күккірт шикізаты - 18% (2,1 млн тонна), темір рудасы мен марганец - 12% (2,5 млн тонна). 446 мың тонна қара металдар, 1,4 млн тонна мұнай жүктері, 2 млн тонна құрылыс жүктері тасымалданды.
Шілдедегі пайдаланылған жүк айналымы 19,8 млрд т-км неттоны құрады және өткен жыл көрсеткішінен 4,5 % асты.
Жеті айдың қорытындысы бойынша жүкайналымы 131,6 млрд т-км неттоны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 4% жоғары.
Толықтай алғанда қаңтар – шілдеде 143 млн тонна тиелсе, соның ішінде еліміз бойынша 93 млн тонна, экспортқа – 50 млн тонна. Атап айтқанда, 56,8 млн тонна көмір тасымалданса, соның ішінде ҚР аумағы бойынша 41 млн тонна, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 7% жоғары.
4,7 млн тонна астық, 10,9 млн тонна құрылыс жүктері, 15 млн тонна темір рудасы мен марганец, 9,3 млн тонна мұнай жүктері тасымалданды.
Қара металдар тасымалы 6% (2,8 млн тонна), химиялық тыңайтқытар тасымалы 6% (2,3 млн тонна), түрлі түсті руда мен күкірт қышқылы тасымалы 16% (13 млн тонна) өсті.
2025 жылдың алғашқы бес айында Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалдарының көлемі 14,2 миллион тоннаға жетіп, өтке...
Сіздердің назарларыңызға «ГалстукOFF» жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бұл жолғы қонақ — локомотив шаруашылығы саласының бас маманы Асан ...
Қарағанды пайдалану вагон депосының (ВЧД-13) ұжымы Жезқазған станциясының ПТО бастығы Нұрқайдар Жапабаев пен Қарабас станциясының ұстасы Павел Г...