Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық кө...
2020 жыл бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша контейнерлерді тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% өсті және де 686 мың ЖФБ құрады. Экспортқа «»і мың ЖФБ жөнелтілсе, бұл салыстырмалы түрде өткен жылғыдан 25% жоғары. Транзиттік контейнерлік тасымалдар 450 мың ЖФБ құраса, 2019 жылғыға қарағанда өсім - 54%. Мұндай мәліметтер контейнерлік тасымалдарды дамыту мәселелеріне арналған онлайн-конференция барысында жария етілді.
Онлайн-конференцияға «Атамекен» ҰКП, ҚРҰЭҚ, ҚазТОҚ, экспедиторлық пен операторлық компаниялар өкілдері және жүкжөнелтушілер қатысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов кейбір жүктерді контейнерлер мен биг-бегтерде тасымалдаған орындылығын, бұл оларды тиеуде, түсіруде және сақталуында жеделдікті қамтамасыз ететіндігін атап көрсетті.
«ҚХР кейбір жүктерді тасымалдау бойынша талаптарды күшейтті. Бұл ретте, онда тасымалдарды контейнерлеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта Достық станциясы бойынша қытайлық тарап тәулігіне 12 вагон өткізіп берсе, соның 10-ы контейнерлік пойыздар. Осыны есепке ала отырып, біз жүкжөнелтушілерге биг-бектер мен контейнерлерге тиеуді жүзеге асыруды ұсынамыз», - деді Қанат Әлмағамбетов.
Контейнерлер өндірістік, сол сияқты азық түліктік тауарларды жеткізу үшін өте ыңғайлы. Жүктерді контейнерлермен тасымалдаудың негізгі артықшылықтарының бірі – жүктің сақталуы.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ контейнерлік жұмыс департаментінің директоры Азамат Секен атап өткендей, заманауи жүйе контейнердің барлық жүріп өткен жолын бақылауға мүмкіндік береді. Жүктің қай жерде екендігі туралы ақпарат жүкжөнелтушіге кез келген сәтте ұсынылады.
«Элеваторларда Open-top және люктік контейнерлерге астық тиеу қосымша салымдарды қажет етпейді», - деп атап өтті Азамат Секен.
Контейнерлік тасымалдардың тағы бір плюсі – жеткізу мерзімінің қысқаруы. Сонымен, Транскаспий Халықаралық Көлік Маршруты (ТКХМ) бағыты бойынша контейнерлік пойыздар Қазақстаннан Түркияға 15 тәулікте, Қазақстаннан Қытайға 3 тәулікте жеткізіледі.
Контейнерлер үнемді әрі тиімді. Жүкжөнелтушілер үшін олар тапсырыс беруші ғимаратында немесе портта, теміржол станциясы аумағында уақытша сақтау орны бола алады. Қойма қызметінің қажеттілігі жоқ.
Сондай-ақ А. Секен темір жолдағы контейнерлеуді арттыру жөніндегі шараларды алға тартты. Сонымен, 2020 жылы Ақтау, Құрық, Алтынкөл, Достық, Сарыағаш, Болашақ, Оазис және Луговой станциялары арқылы ұн және жарма өнеркәсібі өнімдерін, дәнді және бұршақты дақылдарды контейнерлермен тасымалдау кезінде локомотивтік тарту және магистральдық темір жол желісі қызметі тарифтерінің шекті деңгейіне төмендетілген коэффициент белгіленді.
Пандемия кезінде қазақстандық өнім өндірушілерді қолдауда ҚТЖ жыл соңына дейін 48 сағаттан астам уақыт тұрған жүктерді сақтағаны үшін 10-еселік көлемдегі алымды алып тастады. Стамбұл конвенциясы шеңберінде контейнерлерді уақытша әкелу мерзімін 180 күнге дейін ұлғайтты. Ақтау порты – Баку порты (Азербайджан) - Анзали порты(Иран) қатынасындағы тұрақты фидерлік желіні дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«KTZ Express» АҚ бас директорының сату жөніндегі орынбасары Мәдина Ахметжанованың ақпаратына қарағанда, бүгінде контейнерлік пойыздардың орташа жылдамдығы 1063 км/тәу жетеді. Қытайдан Еуропаға контейнерлер тасымалы 5 тәулікке дейін қысқарды, бұл Қытайдан Қазақстан арқылы контейнерағынының айтарлықтай өсімін қамтамасыз етті.
Конференция барысында қатысушылар маңызды мәселелер мен ұсыныстарды алға тартты. Қорытындысында Қанат Әлмағамбетов ҚТЖ тасымалдау процесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған жүкжөнелтушілердің барлық ұсыныстарын қабылдауға дайын екендігін атап көрсетті.
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық көрсеткіштерден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11% өсіммен 2,9...
ҚТЖ-да Ауғанстанға астық өнімдерін тасымалдау мәселесі бойынша жүк жөнелтушілермен, Бейнеу элеваторымен келіссөздер жүргізілді. Кезде...
Қыркүйек-қазан айларында жаңа егінді тасымалдау 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі...