Соңғы 5 жылда ұнтақ өнімдерін тиеудің тарихи рекордына қол жеткізілді
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық кө...
Алматы бөлімшесінің жұмыскерлерін ауысым алдында тепловизормен температураларын өлшейді. Бұндай рәсім коронавирус тәуекелін барынша төмендету үшін жүргізіліп отыр.
- Бүгін біз ерекше жағдайда жұмыс істеудеміз, және де бұрын-соңды болмағандай адамдарымызды қолдау маңызды. Коронавирустың алдын
алу үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ және бөлімшелер кәсіподақтары ғимараттарды зарарсыздандыру үшін қажетті арнайы шашыратқыштар мен тепловизорлар, антисептиктер, қолғаптар, маскалар сатып алуға қаржы бөлді. Бұл үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз ететін жұмысшыларды қорғаудың қосымша шаралары, - деп атап көрсетті Алматы бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов.
Ауысым алдында машинистер, машинист көмекшілері, вагон қараушылар мен тасымал процесіне қатысатын өзге де мамандар медициналық тексерістен өтеді.
Медицина қызметкерлері олардың дене температураларын, артериялық қысымдарын, қан тамырларының соғуын, жалпы жағдайын өлшейді. Сондай-ақ бұл жерде алкогольмен немесе есірткімен масаюдың бар не жоқтығын анықтайтын экспресс-тест жүргізіледі.
Алматы бөлімшесінде медициналық тексеру жүргізетін 61 пункт жұмыс істесе, соның 9 пункті тәулікбойғы режимде жұмыс істейді.
Пандемия жағдайында теміржолшылар Денсаулық сақтау министрлігінің барлық талаптары мен ескертпелерін мүлтіксіз орындайды. Қызметкерлердің бір бөлігі оқшаулау режимін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылды.
Карантин кезеңінде өндірістік процестің жұмыс істеп тұруына қажетті бөлімше қызметкерлерімен қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар өткізіліп тұрады, олар үшін тасымал ұйымдастырылып, санитарлық қорғаныш құралдары: маскалар мен қолғаптар берілген.
Алматы торабының барлық ғимараттарында санитарлық-індеткеқарсы шаралар күшейтілген және де зарарсыздандыру өткізіліп тұрады.
Ағымдағы жылдың 10 айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау соңғы 5 жылдағы жылдық көрсеткіштерден асып, өткен жылмен салыстырғанда 11% өсіммен 2,9...
ҚТЖ-да Ауғанстанға астық өнімдерін тасымалдау мәселесі бойынша жүк жөнелтушілермен, Бейнеу элеваторымен келіссөздер жүргізілді. Кезде...
Қыркүйек-қазан айларында жаңа егінді тасымалдау 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі...